Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда америкалық білім беру орталығы ашылды

Алматыда америкалық білім беру орталығы ашылды

Барлығы 16.01.2026, 17:19 295
Алматыда америкалық білім беру орталығы ашылды
Қайрат Қонысбаев

Бүгін Алматының Жамбыл атындағы қалалық кітапханасында жаңа American Space Makerspace білім беру орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық АҚШ елшілігі мен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қолдауымен іске қосылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ашылу рәсіміне АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Америка–Қазақстан бірлескен мұнай компаниясы – «Теңізшевройлдың» өкілдері де келді.

Жаңа орталық жастарға арналған ашық білім алаңы ретінде жұмыс істейді. Мұнда АҚШ университеттерінде оқуды жоспарлап жүрген талапкерлерге кеңес беру, ағылшын тілі курстары, сондай-ақ көшбасшылық пен шығармашылықты дамытуға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылады.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов екі ел арасындағы мәдени және әдеби байланыстың маңызын атап өтті.

"Ел мен елді жақындастыратын ең қуатты рухани көпір – әдебиет. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алған отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанға америкалық жазушылардың келуі өте сирек болды. Әдебиет – саясат та емес, бизнес те емес, ол халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сала. Алматыда осындай орталықтың ашылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы әдеби байланыстардың жандануына серпін берсе дейміз. Біз елімізде қазіргі америкалық әдебиеттің өкілдерін көргіміз келеді. Сонымен қатар ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударма жасайтын шығармашылық орталықтардың көбейгенін қалаймыз", – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, American Space Makerspace алдағы уақытта жастардың халықаралық білім кеңістігіне шығуына, сондай-ақ мәдени және зияткерлік алмасуға жол ашатын маңызды орталықтардың біріне айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Америкалық орталық #ашылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГТЫҢ МИССИЯСЫ

Бүгін 18:37

Алматы әуежайына қақтығыс аймағынан 314 қазақстандық жеткізілді

Бүгін 18:30

Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін 17:42

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Бүгін 17:15

Елімізде жаңа жедел нөмір іске қосылды

Бүгін 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі