AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Алтын белгі» түлектерін марапаттаудың са...

Алматыда «Алтын белгі» түлектерін марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті

Әлеумет 23.06.2023, 05:18 1,173
Алматыда «Алтын белгі» түлектерін марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматыда Республика Сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда Алматы қаласы мектептері түлектерін «Алтын белгі» «ЖАС ТҮЛЕК-2023» белгісімен марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. «Алтын белгі» төсбелгісімен 5-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі оқу үздіктері марапатталады. Биыл Алматы қаласы мектептерінің 474 түлегі «Алтын белгі» жоғары наградасына ие болу құқығын растады, оның ішінде қала мектептерінің 423 түлегі және 51 республикалық мектеп түлегі (НЗМ, РФММ, Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернаты). 2023 жылы Алматы мектептерін барлығы 14 876 түлек, оның ішінде мемлекеттік мектептерді 12 682 түлек, жеке меншік мектептерді 2194 түлек бітірді.



Айта кетерлігі, «Алтын белгімен» марапатталғандардың конкурс өткен кезде білім беру гранттарын алуға басым құқығы бар. Сонымен қатар, биыл ғана халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль жеңіп алған мегаполис оқушылары атап өтілді.


Мерекелік марапаттау барысында түлектер шеруіне қоса мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада қонақтар алдында түлектер мен «Rise» шоу-балеті, «Мектеп – сағынышым» әні, Айқын Төлепберген, Alpha тобы және қазақстандық эстраданың басқа да әртістері өнер көрсетті.




Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сегіз аудан әкімдері мен білім беру ардагерлері әр түлекке «Алтын белгі» жоғары марапатын тапсырды.



«Алтын белгі» иеленген түлектерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын, сіздер қаламыздың мақтанышы мен игілігі болып табыласыздар. Сіздерге алға ұмтылып, жүректерің қалаған мамандықты алуды тілеймін. Жастардың болашақ жетістіктері елдің дамуына  зор үлес қосатындарыңа  сенімдімін. Мен өнегелі ұрпақ тәрбиелеген мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс білдіремін. Барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!»,- деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.




Салтанатты іс-шара соңында түлектер дәстүр бойынша Динайдың «Құс жолы» әнінің ырғағымен мектеппен қоштасу  вальсін орындады. Бұл балалық шақтағы естеліктердің соңғы аккорды болды, оны әркім өмір бойы жүрегінде сақтайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алтынбелгі #тұлектер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Кеше 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика