AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Almaty Ustazy» қалалық байқауының финалы...

Алматыда «Almaty Ustazy» қалалық байқауының финалы өтеді

Алматы 15.09.2026, 12:22 308
Алматыда «Almaty Ustazy» қалалық байқауының финалы өтеді

Бас жүлде иегеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады, ал байқаудың 7 жеңімпазына халықаралық білім беру тағылымдамасынан өтуге мүмкіндік беріледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

16 қыркүйекте Наурызбай ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында жас педагогтер арасында өтетін «Almaty Ustazy» қалалық байқауының финалы өтеді. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Байқаудың мақсаты – талантты әрі креативті педагогтерді анықтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату және мұғалім мамандығының беделін арттыру. «Almaty Ustazy» педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына, заманауи әдістемелер мен білім беру технологиясын меңгеруіне мүмкіндік беретін алаңға айналды.

Байқау Алматыда алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған 36 жасқа дейінгі 10 мыңға жуық жас педагог қатысты. Биыл байқауға қатысуға 984 педагог өтінім берді.

Іріктеу кезеңдері

Бірінші кезең. Қатысушылар 11 пән бойынша тестілеуден өтті. Жұмыстарды 33 сарапшы бағалады.

Екінші кезең. Іріктеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге 71 педагог өтті. 5-6 мамыр күндері қатысушылар қаланың 6 мектебінде байқау сабақтарын өткізді.

Финал. Қорытынды кезеңге 11 үздік педагог өтті.

Финалистер «Мен – көшбасшы мұғаліммін» авторлық жобасын көпшілік алдында қорғап, өзінің білім беру тұжырымдамасын таныстырады.

Сондай-ақ, қатысушылар «Ашық мінбер» алаңында қазылар алқасы мүшелері мен көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Бұдан бөлек, педагогикалық еңбек ардагерлері мен оқушылардың бейнесұрақтарына жауап береді.

Финал қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысына шетелдегі жетекші білім беру ұйымдарында халықаралық білім беру тағылымдамасынан өтуге мүмкіндік беріледі. Бас жүлде иегеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Сонымен қатар ол халықаралық тағылымдамаға қатысады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Мұғалімдер күніне орай Республика сарайында өтеді.

Финалдың өтетін күні мен уақыты: 16 қыркүйек, салтанатты ашылуы – сағат 09:00-де.

Өтетін орны: Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, 347/4.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сәтбаев салған сара жол

Бүгін 20:26

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Бүгін 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Бүгін 19:24

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);