AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда "Almaty Student's Week" фестивалі басталд...

Алматыда "Almaty Student's Week" фестивалі басталды

Не? Қайда? Қашан? 11.11.2024, 16:50 868 Bakyt
Алматыда "Almaty Student's Week" фестивалі басталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды "Almaty Student's Week" фестивалі бастау алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен  өтуде, оның басты мақсаты – студенттердің қала өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, жас көшбасшыларды анықтау.

11-17 қараша аралығында фестиваль  аясында студенттерге арналған 30-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өтеді. "Almaty Student's Week" фестиваліне қатысатын әрбір студент өз таланты мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Сондай-ақ, жастарға басқа оқу орындарының студенттерімен  байланыс орнатуға  мүмкіндік беріп,  жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.

Фестиваль іс-шаралары студенттерге тәжірибе, идеялар және білім алмасуға арналған алаңдар ашып, болашақ бірлескен жобалар мен бастамалардың негізін қалайды. Бұл – студенттердің зияткерлік, спорттық, мәдени және қоғамдық салаларда өзін көрсетіп, өз дағдыларын нығайтып, өзін дамытуға  бірегей мүмкіндік.

"Almaty Student's Week" фестивалінің маңызды бөлігі – жастардың патриоттық рухын көтеру, бірлігін нығайту және қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайын әлеуметтік белсенді және біртұтас студенттік қауымдастық құру.

Айта кетейік, Алматыда 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алады, олардың 124 мыңнан астамы басқа өңірлерден келген.

Іс-шаралар туралы ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.

20241111165048103.pdf

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #студенттер #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);