AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер музей...

Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің таныстырылымы өтті

Барлығы 10.09.2025, 10:09 611 Сұлу
Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің таныстырылымы өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов, қазақстандық және шетелдік мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ, 30-дан астам халықаралық басылым өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған мәдениет және ақпарат министрі бұл ауқымды жобаның жүзеге асырылуы Қазақстанның мәдени әрі рухани өміріндегі маңызды оқиға екенін атады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бүгінгі жас ұрпақ дәстүрлі құндылықтармен қатар, жаңашылдық пен жасампаздықты да патриотизмнің басты негізі ретінде көретінін айтқан болатын. Осы тұрғыда жаңа музей дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыратын, Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін шетелге паш ететін алаңға айналады», – деді Аида Балаева.

Жаңа мәдени орда халық үшін 12 қыркүйектен бастап ашылады. Музей 56 млрд 160 млн теңге жеке инвестиция есебінен бой көтерген. Жалпы аумағы 10 060 шаршы метр болатын құрылыс екі қиылысқан ғимараттан тұрады. Бір мезетте 500 қонақ қабылдай алатын кеңістік британдық сәулетшілердің жобасымен жасалып, табиғат пен қала көріністерімен үйлеседі. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимарат өнер туындыларын сақтауға, көрсетуге және қалпына келтіруге қажетті барлық жабдықпен қамтылған.

Көрме залдары Қазақстанның мәдени мұрасы мен табиғи байлығын дәріптеумен қатар, қазақстандық және әлемдік заманауи суретшілердің туындыларына арналған.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды құттықтау сөзінде бұл музейдің ашылуын қаланың жан-жақты дамуының белгісі деп атады.

«Алматы – еліміздің мәдени орталығы. Мұндай кешеннің ашылуы – қаламыз үшін ерекше оқиға. Бұл жастардың креативті ойлауын дамытуға, олардың мәдениет саласында өзін сынап көруге ықпал етеді. Сонымен қатар Алматының туристік және экономикалық әлеуетін де жаңа деңгейге көтереді», – деді қала әкімі.

Музейдің негізін белгілі қазақстандық кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов қалаған. Ол өзінің жеке қорынан Қазақстан, Орталық Азия және өзге де ел суретшілерінің 700 туындысын музейге сыйға тартты.

Жаңа өнер ордасы халықаралық деңгейдегі жобаларды, уақыт озған сайын жаңарып отыратын көрмелерді, білім беру бағдарламаларын, шеберлік дәрістерін, кәсіби қор сақтау мен реставрация шеберханасын, сондай-ақ кітапхананы қамтитын заманауи мәдени орталық ретінде қалыптаспақ.

Көріктендірілген 5 000 шаршы метрлік аумақта ашық аспан астындағы мүсіндер, субұрқақтар мен демалыс орындары орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #музей #ашылу #Almaty Museum of Arts
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);