Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ж...

Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа стандарттары енгізілуде

Әлеумет 21.12.2023, 07:20 844
Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа стандарттары енгізілуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін 2023 жылы МСАК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жаңа бірыңғай стандарт енгізу басталды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.


Жаңа стандарттар бойынша Әуезов және Жетісу аудандарында 2 МСАК орталығы және 1 жаңа емхана ашылды. Тағы 4 МСАК орталығының құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ 11 МСАК орталығы мен емханалардың құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
4 жаңа стационар салуға, 5 қолданыстағы аурухана мен 5 жедел медициналық көмек қосалқы станциясын жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу басталды.


Кадрлық әлеуетті арттыру үшін республиканың ғылыми орталықтарының базасында, Германия, Израиль, Түркия клиникаларында 3 340 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Резиденттер үшін 136 грант, орта медициналық персонал үшін 1 116 грант бөлінді.


Жалпы, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2023 жылғы 36,5 млрд. теңгеден 2024 жылы 41,0 млрд. теңгеге дейін 12,3% - ға ұлғаяды.



Алматыда МСАК бірыңғай стандарты қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленді. Ол медициналық көмек көрсету регламенттеріне, жобалық-технологиялық шешімдерге, цифрландыруға және емханалардың менеджментіне 4 негізгі критерий бойынша түбегейлі өзгерістер енгізуді көздейді, олар: қолжетімділік, сапа, технологиялылық және жайлылық.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан командасы Үндістандағы әскери-спорттық дуатлоннан қола медаль алды

Бүгін 10:24

Дәрігер БЦЖ екпесін перзентханада алудың неліктен маңызды екенін түсіндірді

Бүгін 10:09

Алматыда 2026 жылғы су тасқынына дайындық оқу-жаттығулары өтті

Бүгін 10:01

Жұмысынан айырылған 127 мың адамға МӘСҚ алғаш рет әлеуметтік төлем тағайындады

Бүгін 09:49

Михаил Шайдоровтың әлем чемпионатына қатыспауына не себеп?

Бүгін 09:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі