Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» шағынауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселе көтерді. Ұлттық Банк бұл нысанды қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді қала әкімі.