конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пу...

Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды

Алматы Бүгін 11:25 39
Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
Алматы әкімдігі

Бүгін Алматының Жетісу ауданындағы «Adem» сауда орталығында қалалық кітапханалардың кітап беру пункті ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқитын ұлт» жобасы аясында қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүзеге асырылып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – қала тұрғындары үшін кітаптың қолжетімділігін арттыру, кітап оқуға қызығушылық қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту.

Іс-шараға белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыш, ақын Бақыт Беделхан, айтыскер ақын Серік Қали, ақын Мұратхан Шоқан, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы, мәдениет саласының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Жаңа нысанды Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы мен жазушы Нұрдәулет Ақыш салтанатты түрде ашты. Бастаманы қолдаған қаламгерлер кітаптарын сыйға тартып, жаңа кітап беру пунктінің қорын құнды туындылармен толықтырды.

Алматы кітапханаларының №14 филиалының меңгерушісі Зарина Айдосқызы бұл бастаманың тұрғындар үшін кітапхана қызметінің қолжетімділігін арттырудағы рөлін атап өтті.

«Жаңа кітап беру пунктінің ашылуы – қолжетімді кітапхана ортасын дамытудағы маңызды қадам. Мұндай кеңістіктер кітапхана қызметінің дәстүрлі формат аясынан шығып, қала тұрғындарының күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуына мүмкіндік береді. Жаңа пункт кітап оқуға қызығушылықты арттыруға, оқу мәдениетін дамытуға және «Оқитын ұлт» қалыптастыруға ықпал етіп, тұрғындар жиі келетін орындардың біріне айналады деп сенемін», – деді Зарина Айдосқызы.

Кітап беру пунктінің ашылуын сауда орталығының кәсіпкерлері де оң бағалады. Кәсіпкер Залинаның айтуынша, мұндай бастама кітапты тұрғындардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді.

«Біз үшін дәл осы сауда орталығында кітап беру пунктінің ашылуы жағымды жаңалық болды. Күнделікті тіршілікте кітапханаға арнайы барып, кітап алуға әрдайым мүмкіндік бола бермейді. Енді жұмыс орнынан алысқа бармай-ақ, бос уақытта осында келіп, қажетті кітапты алуға болады. Менің ойымша, бұл осында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен қызметкерлер үшін ғана емес, сауда орталығына келушілер үшін де жақсы мүмкіндік. Кітаптардың қолжетімді бола түсіп, осындай орындарда ұсынылғаны қуантады», – деді ол.

«Adem» сауда орталығының кәсіпкерлері мен келушілері алғашқы күндерден-ақ «Оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыруға бағытталған бастаманы қолдап, оған үлкен қызығушылық танытып отыр. Бүгінде аталған кітап беру пунктінің қорында 2 000-нан астам кітап бар. Алдағы уақытта тұрғындарды кеңінен қамту және қала тұрғындары үшін кітаптың қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың өзге аудандарындағы сауда орталықтарында да кітап беру пункттерін ашу жоспарланып отыр.

Жаңа кітап беру пункті сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жетісу ауданының тұрғындары мен «Adem» сауда орталығына келушілердің барлығын жаңа кітап беру пунктіне келіп, көңілінен шығатын кітапты таңдап, жаңа туындылармен танысуға шақырамыз!

Айта кетейік, бүгінде Алматыда барлығы 39 кітапхана жұмыс істейді. Оның 30-ы – қала кітапханасы, 7-еуі тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар қаладағы адам көп жиналатын орындарда өзіне-өзі қызмет көрсететін 32 дербес кітапхана орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қой етінің сапасын жаңа деңгейге көтеретін технология әзірленді

Бүгін 12:28

ЖИ әлеуметтік қызмет көрсетудің объективтілігі мен жылдамдығын арттырады

Бүгін 12:24

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу аяқталды

Бүгін 12:05

Қатерлі ісікті емдеуге болатын кезде ерте анықтау керек: Қазақстанда жаңа скрининг іске қосылады

Бүгін 11:47

Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған 34 жастағы әйелді аман алып қалды

Бүгін 11:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);