Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алғаш рет фантастикалық шоу сахналанды

Алматыда алғаш рет фантастикалық шоу сахналанды

Әлеумет 27.12.2022, 05:29 1,357
Алматыда алғаш рет фантастикалық шоу сахналанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда мұндай деңгейдегі жаңажылдық шоу бұрын-соңды болмаған.


Республика сарайында бұрын-соңды болмаған жаңажылдық «Әлихан және уақыт машинасының құпиясы» атты қазақстандық фантастикалық отбасылық қойылым болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шытырман оқиғаға толы  фантастикалық шоу Алматыда алғаш рет сахналанып отыр. Күрделі декорациялар мен лазерлік проекция. Керемет костюмдер мен үлкен шарлар, ұшатын интерактивті нысандарға бай қойылым кішкентай көрермендерді оқиғаға белсенді қатыстыруымен ерекшеленді.


Қазақ және орыс тілдеріндегі 3 пен 12 жас аралығындағы көрермендерге арналған оқиға уақыт машинасында ағасын іздеп шыққан қарапайым қазақ баласы Әлихан туралы баяндайды. Бірде тас дәуірінде, бірде перғауын сарайында, бірде Ежелгі Отырарда, бірде алыс болашаққа, елдер мен дәуірлерді батылдықпен аралаған ол түрлі шытырман оқиғаларға тап болады. Уақыт мәңгілік тоқтап қалмас үшін, ол жаңа жылға дейін талай сынақтардан өтіп, мәңгілік кілттердің барлығын жинап үлгеруі қажет.


Продюсер Сергей Руцкойдың айтуынша, Қазақстанда мұндай деңгейдегі жаңажылдық шоу бұрын-соңды болмаған.



«Біз ойын-сауық контентін жасау кезінде жаңа стандарттар орнаттық. Бұл жай ғана ең үздік  режиссерлерді жұмысқа тартып, сонымен қатар ең озық технологияларды, соның ішінде цифрлық декорацияны, лазерлік проекцияны, адам басқаратын ұшатын және интерактив нысандарды қолданып жатқанымызда емес. Тағы бір ең маңызды нәрсе бұл: біз гаджеттер әлемінде өмір сүретін және суперқаһарман болуды армандайтын қазіргі заманауи балалардың тілінде сөйлейміз. Осылайша Жаңа жыл кешін әр баланың жүрегінде жаңды үн табатын кейіпкерлермен, кеңістік пен уақытқа қызықты саяхатқа айналдыру идеясы туды», –  дейді продюсер.



Ал сценарист Нұржан Тұтовтың пікірінше, интерактивті оқиға көрермендерге шоудың толық қатысушысы болуға және көптеген жаңа нәрселерді білуге ​​көмектеседі.



«Бұл идеяның тағы бір артықшылығы – оқиғаны әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі бар. – Бүгінгі таңда Әлихан Жаңа жылды құтқарса, ал ертең ол жаңа қызықты сапарға аттанады. Онда қандай қызықтар болмақ? Бәлкім, суасты патшалығында қазына іздей ме? Жаңа планеталарға аттана ма? Бүлдіршіндер ержүрек батырмен қайта кездесуді асыға күтеді. Тамаша костюмдер мен актерлердің, әншілердің, бишілердің, мимистер мен музыканттардың таланты саяхатты ұмытылмас етеді», –  дейді ол.



Ұйымдастырушылардың айтуынша, нарықтағы интерактивті спектакльдердің жаңа стандарттарына және отбасылық шоудың қазақстандық өндірісіне баса назар аударылған. Ұшатын шарлар, жарқын жиынтықтар, ұшқышсыз зымыран шоу көрермендерін бей-жай қалдырмады.




«Керемет костюмдер және ең озық технологиялар сандық жиынтықтар, лазерлік проекция, басқарылатын ұшатын және интерактивті нысандар балалар үшін ғана емес, сонымен қатар олармен бірге келген ата-аналары үшін де қызық өтеді. Өйткені, біз жаңа форматтағы һәм күрделі декорациялар мен арнайы эффектілер арқылы елімізде алғаш рет нағыз отбасылық шоу жасадық деп есептейміз. Билет сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Өйткені, Жаңа жыл – баршаның басын біріктіретін мереке!»  – дейді Bayev group бас директоры Алексей Баев.



Көрермендеріне ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қойылымды 3 қаңтарға дейін күніне 2-3 рет көрсету жоспарланып отыр. Билеттердің бағасы залдағы орынға байланысты 3000 теңгеден 7000 теңгеге дейін белгіленген.


Айта кетейік, премьераның алғашқы күні шоуға Алматыдағы балалар үйлерінің, көпбалалы отбасылардың балалары және әлеуметтік осал және мұқтаж отбасылардан шыққан 2 000 бала келді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #Шоу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Кеше 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Кеше 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика