ffin.kz

Алматыда алғаш рет Almaty Cyber Games–2022 турнирі өтті

Алматыда алғаш рет Almaty Cyber Games–2022 турнирі өтті Сурет: Қайрат Қонысбаев

Жаңашыл жастардың жарысы. 


Алматыдағы ең әсем қонақүйдің төрінде Cyber Games eSports турнирі басталып, ойын екі күнге созылды. Бұл күні жарысқа қатысушылар мен қонақтарды әйгілі Counter Strike және Dota2 компьютерлік ойындарының кейіпкерлері қарсы алды. Турнир косплей-шоу қатысушыларының сахналаған қойылымымен ашылды. 


Жарысқа үш пән бойынша  жетекші стримерлер, блогерлер қатысты. Тұңғыш рет өтіп отырған турнирді Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының қолдауымен «Студенттік эспорт жөніндегі ұлттық қауымдастық»,  iPlay eSports киберспорт платформасы ұйымдастырды. Сонымен, Almaty Cyber Games–2022 турнирі цифрлық ойын-сауық индустриясының нағыз фестиваліне айналды.  


iPlay eSports платформасының директоры Дархан Дүйсенбиевтің айтуынша, эспорт бойынша жарыстар екі форматта өткізілуі мүмкін. 



 «Бұл онлайн және LAN-турнирлер, офлайн, ойыншылар, көрермендер жиналған кезде, ойындар таратылып, қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады. Дәл осы іс-шараға біз Қазақстанның атақты киберспортшыларын, киберспортқа тікелей қатысатын, әуесқойлық деңгейде айналысатын блогерлерді шақырып отырмыз. Мұндай ауқымды іс-шараға 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады, бірақ кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының жазбаша рұқсаты талап етіледі. Бұл жолы біз жарысты алматылықтар арасында  өткіземіз. Сәтін салса, келесі жылы платформаны халықаралық деңгейге шығарғымыз келеді. Бұл ең алдымен, туризмді дамытуға көмектеседі, өйткені бүгінгі таңда киберспорт аудиториясының миллиондаған адамдары бар. Егер осындай ауқымды іс-шаралар өткізіліп тұрса, Қазақстан үшін бұл жақсы пиар-жарнама деп ойлаймын. Мұндай іс-шаралар  барысында белсенді спортшылар арқылы жастарға гейминг пен эспорт арасында айырмашылықтар бар екенін жеткізе аламыз», – дейді Дархан Дүйсенбиев. 



IPlay eSports платформасының директорының айтуынша, eSports – бокс, футбол, шахмат сияқты спорт түрі, ол 2018 жылдан бастап ресми түрде танылған. 


Жалпы, ойыншылардың барлық уақыттарын ойынға жұмсауының қажеті жоқ, күнделікті үзіліспен жаттығуларына болады. Ең басты уақытты, әрине, оқуға арнаулары керек.


Іс-шараны бірлесіп ұйымдастырып отырған «Студенттік киберспорт жөніндегі ұлттық қауымдастық» ЗТБ екі жыл бұрын құрылған. Бүгінде оның құрамына Алматы қаласы ғана емес, Астананың 15 ЖОО кіреді. Студенттік эспорт жөніндегі ұлттық қауымдастықтың президенті Асқар Нұрпейісовтің айтуынша, бірінші маусымда ол басқаратын ұйымның, сондай-ақ қазақстандық Эспорт федерациясы мен Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен төрт ойын өткізілген екен. 



«Бізді Алматы қалалық  әкімшілігі  мен кибер ойындар өткізетін iPlay eSports ұйымы шақырып отыр. Осы турнирдің керемет ұйымдастырылғаны үшін оларға алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі таңда киберспорт ерекше қарқын алуда. Мәселен, спорт залдарына бас сұқсаңыз, көптеген спорт түрлерінің артта қалғанын жастардың телефондарда, гаджеттерде отырғанынан байқауға болады. Біздің турнирлерге негізінен it-университеттер қатысады. Қазір жаңа заман, уақытқа ілесіп отырмаса болмайды. Дегенмен, біз эспорттың оқуға зиянын тигізгенін қаламаймыз. Біздің басты шартымыз – эспорт спорт ретінде қабылданады, яғни күніне екі сағат жаттығып, қалған уақытты оқуға арнау керек. Егер біреу оқуда үлгермесе, біз, әрине, оған жауап береміз»,– дейді Асқар Нұрпейісов. 



Өз кезегінде қалалық Цифрландыру басқармасының бас маманы Ерасыл Жеңісов киберспорт it-мен тікелей байланысты екенін атап өтті. 



«Біз барлық қатысушылар арасында коммуникация құру және қаламыздың базасында киберспортты толыққанды дамыту үшін жұмыс істеуі тиіс экожүйені көтергіміз келеді. Егер эспорт белсенді дамитын болса, онда оңтүстік астананың университеттер базасында жаңа факультеттер – эспорт немесе ойын индустриясы ашылуы мүмкін, осыған байланысты жаңа жұмыс орындары пайда болады. Біз қазірдің өзінде жаңа кәсіптер ашатын халықаралық технологиялық компанияларды тарта аламыз. Егер біз киберспортты дамыту аясында әрекет етсек, интернет-провайдерлермен бұрыннан келе жатқан мәселені шешетін боламыз, сонда бізде интернет жақсы жұмыс істейді. Ресей, Қытай немесе еуропа елдерінің тәжірибесін ескере отырып, біз турнирлерді ұйымдастырудың халықаралық операторы болсақ, бұл бізге кем дегенде ішкі және сыртқы туризмді дамытуға мүмкіндік берер еді», - дейді Ерасыл Жеңісов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32