AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың ж...

Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты

Әлеумет 03.04.2025, 10:23 587
Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың кездесуі барысында тұрғындардың бірі жергілікті әлеуметтік қызметтер орталығы қызметкерлері жалақысының деңгейін арттыруға байланысты мәселені қозғады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өз кезегінде Ерболат Досаев биылғы жылы алғаш рет әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру саласының әкімшілік және көмекші персоналының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әлеуметтік мекемелер қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға артқанын атап өтті. 

«Менің бастамамды қалалық мәслихат депутаттары қолдады, ол үшін мен оларға ризамын. Менің ойымша, алғашқы қадамдар жасалды және осылайша біз адамдарды өз орындарында, әсіресе әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жақсы жұмыс істеуге ынталандырдық. Жыл сайынғы қаржыландыру үнемі артып келеді, Мен оны қадағалап отырамын», - деді Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 наурызында қалалық мәслихаттың кезекті отырысы өтті. Алматы әкімдігі 2025 жылға арналған алғашқы нақтыланған бюджеттің жобасын енгізді, ол жалпы әлеуметтік бағдарланған болып қала береді. Әлеуметтік саладағы шығындар бюджеттің жалпы шығындарының 40%-ын құрайды. 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша бұл бюджет жобасы әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру саласының әкімшілік және көмекші персоналына, оның ішінде педагог-психологтарға, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әлеуметтік мекемелер қызметкерлеріне жалақыны 30% - ға арттыруды көздейді. 

Өсім 20 314 қызметкерді қамтиды, оның ішінде бухгалтерлер, кітапханашылар, психологтар, логопедтер, әлеуметтік қызметкерлер және техникалық қызметкерлер бар. Сондай-ақ 2015 жылдан бері алғаш рет медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне, медициналық персоналды қоспағанда, лауазымдық жалақыға 30%-дық үстемеақы белгіленді –  оны алатындар 1 632 қызметкер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстанға әсері қандай?

Бүгін 14:51

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Бүгін 14:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика