Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері...

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауды күшейтті

Әлеумет 13.01.2026, 15:20 269
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауды күшейтті
Сурет: istockphoto.com

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру бойынша көп жұмыс істеліп жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалада ӘМАТ-қа қатысты тұтыну бағаларының индексі 8,9%-ды құрады, бұл республикалық деңгеймен (8,6%) шамалас. Алматының жергілікті атқарушы органдары сыртқы және ішкі факторларға қарамастан, азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты екенін атап өтті. 2025 жылы Алматыда бағаның күрт өсуіне жол бермеуге бағытталған біраз шаруа қолға алынды. Негізгі құралдың бірі – «айналым» қарыздары мен форвардтық келісімшарттар болды. Осы тетіктер аясында қалаға әр өңірдегі тауар өндірушілерден тікелей 26 мың тоннадан астам өнім жеткізілді. Сонымен қатар үлкен сауда желісінің бірі – «Магнуммен» 15 атаудағы ӘМАТ-ты белгіленген бағамен сату жөнінде келісім жасалды. Олардың қатарына бакалея, сүт, ет пен көкөніс өнімдері кіреді. Қазір осылардан 10,4 мың тоннадан астам көкөніс пен 600 тоннадан астам өзге өнім сатылды. Отандық өндірушілермен ынтымақтаса жұмыс істеуге көп көңіл бөлініп отыр. Көкөніс, қант, жұмыртқа мен тауық етін Алматыдағы сауда желілері мен азық-түлік базарларының сөресіне тікелей жеткізуді көздейтін келісім жасалды олармен. Бұл делдалдардың тізбегін қысқартып, бағаны бірқалыпты ұстауға мүмкіндік берді. Бағаның нарқына демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер де елеулі үлес қосты. Бір жылдың ішінде қалада осындай 430 жәрмеңке өтіп, онда орташа қалалық бағадан 10–15% төмен бағамен 85 мың тоннадан астам өнім сатылды. Жәрмеңкелер қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болып, әлеуметтік қолдаудың маңызды тетігі болып қала берді. Сонымен қатар мемлекеттік бақылау да күшейді. 2025 жылы ӘМАТ бойынша делдалдық жүйені тергеп-тексеру мен шекті сауда үстемесін (15%-дан аспауы тиіс) сақтау жөніндегі өңірлік комиссияның 26 отырысы өтті. Тексеру нәтижесінде 535 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 47,1 млн теңге айыппұл салынып, жауапсыз 38 делдал тізімнен шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі