AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әлеуметтік бейімдеуге арналған алғашқы ті...

Алматыда әлеуметтік бейімдеуге арналған алғашқы тігін және тоқыма шеберханасы ашылды

Барлығы 19.01.2026, 14:22 478 Сұлу
Алматыда әлеуметтік бейімдеуге арналған алғашқы тігін және тоқыма шеберханасы ашылды
Алматы әкімдігі

Алматыдағы "Парасат" әлеуметтік қызметтер орталығында қаланың әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жүйесінде тұңғыш рет тігін және тоқыма шеберханасы ашылды. Жоба өзге әлеуметтік орталықтарда әзірге баламасы жоқ бірегей бастама болып отыр.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасовтың айтуынша, шеберхана ерекше қажеттілігі бар азаматтардың еңбек арқылы оңалуына, әлеуметтік бейімделуіне және кәсіби тұрғыда қалыптасуына жағдай жасау мақсатында құрылған.

Іс-шара аясында қатысушыларға тігін және тоқыма шеберханасының жұмысы таныстырылып, заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар қолмен және машинамен тігу, тоқыма материалдарымен жұмыс істеу, тоқу бойынша тәжірибелік оқу сабақтары өткізілді. Бұл сабақтар қызмет алушылардың еңбек және тұрмыстық дағдысын дамытуға, бастапқы кәсіби қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға 50 адам қатысты.

Еске сала кетейік, "Парасат" әлеуметтік қызмет орталығы" КММ ерекше қажеттілігі бар балаларға және 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар адамдарға жартылай стационарлық күндізгі жағдайда және үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталық бейінді мамандардың қатысуымен кешенді оңалту және бейімдеу көмегі көрсетіледі.

Орталықтың негізгі мақсаты - көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, қызмет алушылардың өмірлік және еңбек дағдысын дамыту, олардың әлеуметтенуі, тұрмыстық бейімделуі, оңалуы және қоғамға үйренісуі ықпал ету.

Белгіленген стандарттарға сәйкес орталық әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызмет түрлерін ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тігін цехы #тоқыма #шеберхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы академиктерінің қатары толықты

Бүгін 19:34

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді

Бүгін 19:32

Қазақстан халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:27

Қазақстан боксшылары Венгрияда 15 медаль алды

Бүгін 19:25

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);