AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда АИТВ-ның берілу жолдары туралы айтылды

Алматыда АИТВ-ның берілу жолдары туралы айтылды

Медицина 21.09.2022, 05:33 1,915
Алматыда АИТВ-ның берілу жолдары туралы айтылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Мегаполис АИТВ инфекциясының таралуы бойынша республикада алтыншы орында.


АИТВ қалай жұғады және жұқтыру қаупін азайту үшін не істеу керек – бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматыдағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдері талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Альфия Денебаева АИТВ мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол біздің елімізде АИТВ жұқтырудың алғашқы оқиғалары 1987 жылы тіркеле бастағанын еске салды.


Бүгінде республикада АИТВ-мен 28 мыңға жуық адам ауырады. Еліміздегідей, Алматы қаласында да АИТВ инфекциясы ауру таралуының шоғырланған сатысында.



«АИТВ инфекциясы таралуының ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, СҚО, ШҚО және Қостанай облыстарында тіркелген. Ең төменгі көрсеткіштер Қызылорда облысында байқалады», - деп хабарлады А. Денебаева.



ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы инфекцияның алдын алумен белсенді түрде айналысады, бұл үшін қала жыл сайын халықтың 16-17% АИТВ-ға тексереді, бұл шамамен 350 мың зерттеуді құрайды.


АИТВ статусын арнайы тест тапсыру арқылы ғана білуге болады. Әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЖИТС орталығында АИТВ-ға тесттен тегін өте алады.


Альфия Денебаева инфекцияның таралу жолдары туралы айтты. АИТВ үш жолмен беріледі: жыныстық қатынас арқылы, жұқтырған адамның қаны арқылы (мысалы, тіс щеткаларын, қырыну және маникюр құралдарын ортақ пайдалану, татуировка және пирсинг жасатқанда көктамырішілік препараттарды қолдану кезінде) немесе жұқтырған анадан балаға, жүктілік, босану және емізу кезінде. Жоғарыда аталғандардан басқа АҚТҚ-ның берілу жолдары жоқ. Сондықтан ВИЧ індетін жұқтырған адаммен араласуға және дос болуға әбден болады.



«Соңғы жылдары жалпы ел бойынша, сондай-ақ Алматы қаласында да АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу жағдайларының ұлғаю қарқыны байқалды. 2013 жылғы 63%-дан 2022 жылы 78,6%-ға дейін, оның ішінде Алматы қаласында барлық анықталған жағдайлардың 16,8 пайызы жыныстық (гомо) жолмен берілуіне тиесілі. Инъекциялық есірткі қолдану  арқылы берілу 15% құрайды», - деп нақтылады А. Денебаева.



Спикердің айтуынша, бүгінде АИТВ инфекциясы емделетін созылмалы аурулар санатына көшті. Қазіргі уақытта емдеу диагноз қойылғаннан кейін бірден басталады және тегін көрсетіледі.


Осы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша ЖИТС орталығында диспансерлік есепке 4009 адам тіркелген, жыл сайынғы өсім 10-11%-ды құрайды. Антиретровирустық терапияны 3658 АИТВ-мен өмір сүретін адам қабылдайды (АӨА) (бұл есепте тұрғандардың 91,2% және АӨА болжамды санының санының 83%), АРТ тиімділігі - 85% құрайды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #АИТВ #инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Кеше 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Кеше 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Кеше 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Кеше 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика