Алматыда әйел көшбасшылығын дамытуға ден қойылып жатыр

  • 17:30, 16 қыркүйек 2025
Алматыда әйел көшбасшылығын дамытуға ден қойылып жатыр "Аманат" партиясының АҚФ

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының Әйелдер қанаты әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтуде

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты әйелдердің мәртебесін көтеру және олардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Партияның басымдықтарының бірі – қоғамдағы әйелдердің рөлін нығайту.

Жұмыс тоғыз негізгі бағытты қамтиды: әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау; қоғамдық игілікті нығайту мақсатында психологиялық қызметтердің дамуына жәрдемдесу; әйелдер денсаулығын сақтау, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және балалардың құқықтарын қорғау; еңбекті қорғау және әйелдердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; заң жобаларына гендерлік сараптама жүргізу; ғылым саласындағы әйелдерді қолдау; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тұру; инклюзивті қоғамды дамыту; гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету.

«AMANAT» партиясының Саяси көшбасшылық мектебі – бұл әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға, олардың қоғамдық-саяси процеске белсенді қатысуына және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған білім беру алаңы.

Сабақтар аясында қатысушылар саясаттану, құқық, коммуникация, гендерлік саясат және сайлау процесі бойынша білім алады. Оқу бағдарламасы дәрістерді, тренингтерді, шеберлік сабақтарын, сондай-ақ қолданыстағы депутаттармен, қоғам қайраткерлерімен және сарапшылармен кездесулерді қамтиды. Ерекше назар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, басқарушылық құзыреттерді нығайтуға және стратегиялық ойлауды жетілдіруге аударылады.

Қатысушылар өз бастамаларын әзірлеп, тәлімгерлерден кері байланыс алып, кәсіби байланыстар желісін құру мүмкіндігіне ие болады. Мектеп кәсіби өсуге ғана емес, сонымен бірге әйелдердің әлеуметтік маңызы бар жобаларға белсенді қатысуына, сайланбалы лауазымдарға кандидатураларын ұсынуына және көшбасшылық амбицияларын іске асыруына жол ашады.

Саяси көшбасшылық мектебінің кезекті сабағы Алматыда «Мен – кандидатпын. Өзіңді сенімді таныстыру және қолдау табу жолдары» тақырыбында өтті. Спикер ретінде @iteachme.kz директоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Захира Бегалиева қатысып, сайлаушылармен сенімді қарым-қатынас орнату және тиімді коммуникация жүргізудің практикалық тәсілдерімен бөлісті.

Кездесу қорытындысында қатысушылар алған білімдерінің құндылығын және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға серпін беретін шабытты орта қалыптасқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:05

17:58

17:49

17:30

17:23

17:07

16:58

16:32

16:21

16:15

15:48

15:40

15:27

15:19

15:07

15:05

14:53

14:45

14:01

13:30

12:55

12:35

12:25

12:17