AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда әйел болып танысып, ақша бопсалаған қылмы...

Алматыда әйел болып танысып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Заң мен тəртіп 06.10.2025, 10:58 821
Алматыда әйел болып танысып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында әлеуметтік желі арқылы жәбірленушіні алдап, қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қылмыскерлер өзін әйел ретінде көрсетіп, ер адамдармен танысқан бірнеше жағдай тіркелген. Хабарламалар алмасып, жәбірленушінің пәтеріне кездесу ұйымдастырғаннан кейін оның "таныстары" келіп, өздерін ағасы немесе туысы деп таныстырады. Олар жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы шағым түсіреміз деп қорқытып, ақша бопсалаған.

Осындай оқиғалардың бірі Жетісу ауданының полиция қызметкерлерімен жедел түрде әшкереленді. Нәтижесінде үш күдікті ұсталды: әйел адам мен оның екі сыбайласы. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

- Қала тұрғындарын ескертеміз, интернет арқылы танысу әрдайым қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамдарға сенбеуге, сақ болуға, егер қорқыту немесе бопсалау жағдайы болса, дереу полицияға хабарлауға шақырамыз. Әрбір осындай дерек мұқият тексеріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ақша бопсалау #Қылмыстық топ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ашық диалог: Дархан Сатыбалды Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін 19:26

Қазақстанның «Үлкен дулығасы»: әлемдік семсерлесудегі тарихи үстемдік

Бүгін 18:40

Алматыда TikTok-тағы былапыт сөздері үшін екі азамат 5 тәулікке қамауға алынды

Бүгін 18:19

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады

Бүгін 18:00

Қазақстанның университеті Германиямен қос диплом бағдарламасын іске қосады

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);