Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Ғасы...

Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Ғасырлар пернесі» концерті өтті

Мәдени Алматы 23.01.2026, 21:50 760
Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Ғасырлар пернесі» концерті өтті
Қ. Қоныспаев

Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде «Ғасырлар пернесі» атты концерт өтті. Мерекелік кеш академик, қазақ музыка өнерінің кәсіби негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналды.

Биыл Қазақ КСР Халық әртісі, көрнекті ғалым, композитор, дирижер, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл. Ол 1934 жылы 11 адамнан тұратын домбырашылар ансамблінің негізінде бүгінде әйгілі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрін құрып, алғашқы көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болды.

Ғалым ұлттық музыкаға терең ғылыми зерттеулер жүргізіп, қазақтың күй өнерін жаһанға танытты. Концертті оркестрдің бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген басқарды.

– Концерт Ахмет Жұбановқа тағзым ретінде оның өз репертуарынан басталды. Бағдарламада композитордың күйлері мен әндері, Латиф Хамидимен бірлесіп жазған операсынан үзінділер, сондай-ақ Құрманғазы атындағы оркестрмен бірге өнер көрсететін солистердің орындауы болды. Солардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Айдос Жабағин де бар. Оркестр тізгінін менен бөлек Мәдениет саласының үздігі Ерлан Дәуренбеков пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров ұстады. Репертуарға Ахмет Жұбановтың халық әндері мен күйлері енгізілді. Музыкалық ұжым Жаңа жылдан бері асқан жауапкершілікпен дайындалды. Сахнада 80-ге жуық әртіс өнер көрсетті, – деді Абылай Тілепберген.

Мерейтой аясында ҚР Ұлттық орталық музейінің құрамындағы Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалдық музейінің «Ұлт рухын асқақтатқан тұлға» атты көрме ұйымдастырылды.

– Көрменің мақсаты – қазақ музыкасының ұлы тұлғасы, композитор, академик, әйгілі дирижер, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Жұбановтың өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Көрме арқылы келушілерге қазақ музыкасының даму тарихына Ахмет Жұбановтың қосқан өлшеусіз үлесін кеңінен таныстырып, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу көзделді. Ұлтқа адал қызмет еткеннің дәлелі – 1950 жылғы неміс баспа машинасы. Бұл құралға қазақ әріптері енгізілген. Экспозицияда Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты мұрағаттық құжаттар, сирек фотосуреттер, қолжазбалар, ноталық еңбектер, кітаптар, жеке заттар, сондай-ақ оның замандастары мен шәкірттері туралы материалдар көпшілік назарына ұсынылды, – деді мұражай жетекшісі Рыскүл Сағатқызы.

Аталған мәдени іс-шара Ахмет Жұбановтың қазақ кәсіби музыкасының қалыптасуы мен дамуына қосқан өлшеусіз үлесін кеңінен насихаттап, ұлттық өнердің рухани құндылығын тағы бір мәрте айқындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Жұбанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі