Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және теат...

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және театр қайраткері Жұмат Шанинге бюст орнатылады - министр

Мәдениет 04.08.2022, 08:39 2,181
Алматыда  Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және театр қайраткері Жұмат Шанинге бюст орнатылады  - министр
Сурет: Inform.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде қоғам қайраткерлеріне ескерткіш орнатылады.


Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында монументалды өнер саласындағы сарапшылармен көптеген өзекті мәселені талқыладық. Отырыста мақұлданғандай, алдағы уақытта Қостанай облысының Торғай ауылында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынның ескерткіштері бой көтереді. Сондай-ақ Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және театр қайраткері Жұмат Шанинге бюст орнатылады», - деп жазды министр Facebook-парақшасында.



Оның атап өтуінше, белгілі мүсіншілер, суретшілер, зергерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері құрамына кіретін Монументалды өнер құрылысын орнату жөніндегі комиссия республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жобалау жұмыстарын қарап, өз пікірлерін ортаға салды.



«Ескерткіштер – біздің тарихи жадымызды жаңғыртуда және қоғамдық сананы қалыптастыруда ерекше мәнге ие. Сондықтан жоспарлаудан бастап ескерткіштерді орнатқанға дейінгі жұмысқа мұқият қарауымыз қажет. Комиссия тобы мүсіндердің жұмсақ материалдан жасалған толық көлемдегі нұсқасын жан-жақты қарастыруы тиіс. Сондай-ақ, Комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Аталған өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, екінші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа, сондай-ақ түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланып отыр», - деді Дәурен Абаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ескерткіштер #қоғам қайраткерлері #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика