конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алматыда «Адал сайлау үшін» қозғалысы өз жұмысын...

Алматыда «Адал сайлау үшін» қозғалысы өз жұмысын бастады

Сайлау-2023 11.10.2022, 05:38 2,064
Алматыда  «Адал сайлау үшін» қозғалысы өз жұмысын бастады
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қозғалыстың негізгі міндеті - заң қоғамдастығының сайлау науқанының барысын құқықтық мониторингілеу және сайлау процесіне қатысушыларға сайлау заңнамасын қолдану тәртібін түсіндіру. Штабқа Қазақстанда және шетелде танымал заңгерлер кірді.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан заңгерлер одағы» Алматы филиалының төрағасы Бауыржан Мақұлбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ол сондай-ақ «Әділ сайлау үшін» қалалық штабын басқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Б. Мақұлбаевтың айтуынша, олар сайлау науқанының барысын мониторингтеу шеңберінде БАҚ-пен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған.


Бауыржан Мақұлбаев алдағы президенттік сайлау тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап берді. Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Сондай-ақ, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50%-дан астам дауысын жинаған және қайта дауыс беру кезінде көбірек дауыс жинаған кандидат Республика Президенті болып саналатынын хабарлады.



«21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Кезектен тыс президенттік сайлау Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және олар тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі», - деп еске салды ӨКҚ спикері.



Бауыржан Мақұлбаев ҚР-дағы сайлауларда қалай бақылаушы болатыны туралы әңгімелер айтты.



«ҚР азаматы бақылаушы болу үшін 18 жастан асқан және саяси партиялардан, өзге де қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан бақылаушы өкілеттігі болуы керек», - деді спикер.



Сондай-ақ, Б.Мақұлбаев 20 қарашада жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жеткен кандидат 7 жыл мерзімге Қазақстанның келесі президенті болып  сайланатынын айтты.


Сайлау науқаны 2022 жылғы 21 қазан сағат 18:00-де басталып, 2022 жылғы 19 қараша сағат 00:00-ге дейін 28 күнге созылады. Онымен қоса өзіндік талаптары бар. 19 қараша - үнсіздік күні  болады.


«ҚР-дағы сайлау туралы" заңға сәйкес, сайлау күні және оның алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгіт-насихатқа тыйым салынады. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.


Сайлау қорытындылары олар өткізілгеннен кейін жеті күн мерзімнен кешіктірілмей шығарылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Адал сайлау үшін #қозғалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);