Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, 3 қазан сағат 08:00-ден 4 қазан сағат 20:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Мәметова көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.