AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда A-Parking ісі бойынша сот үкімі шықты

Алматыда A-Parking ісі бойынша сот үкімі шықты

Әлеумет 06.03.2023, 15:25 1,015
Алматыда A-Parking ісі бойынша сот үкімі шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Прокурор соттан айыпталушыларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады


Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен Alan Parking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сотта анықталғандай, сотталушы П. «А» ЖШС директоры бола тұра, жауапкер Б.-мен алдын ала сөз байласып, бір топ адаммен бірге 225 630 072 теңге («П» ЖШС шотына автотұрақ ақысынан түскен) қаржыны жымқырған.


Бұдан бөлек сотталушы Б. «А» ЖШС бас директоры бола тұра, іздеуде жүрген адаммен алдын ала келісіп, бір топ адаммен автотұрақтан жиналған 190 078 778 теңге сомасында аса ірі көлемдегі ақшаны ұрлаған.


Сотталушылардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке жалпы сомасы 436 040 706 теңге болатын, қос компанияның пайдасының 30% мөлшерінде дивиденд түспеген.



«Сотталушы Б. басқа адамдармен топтасып, ұрлық жасағаннан кейін 391 651 076 теңге ұрланған қаражаттың бір бөлігін жалған мәміле жасап, заңдастыру арқылы заңды айналымға түсірген», - деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.



Қылмыстық істі қарау барысында мемлекетке келген зиян толық көлемде өтелді.


Сотталушылардың кінәсі экономикалық сараптамамен, аудиторлық қорытындымен, куәлардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.


Айта кетсек, сотта айыпталушылар ақылы автоматтандырылған автотұрақ енгізу жобасының мемлекетке тиімді екенін көрсетіп, кінәсін мойындамады.


Олардың айтуынша, мемлекет өз тарапынан бұл жобаға ақша салмай, салық айыппұлдары мен дивиденд түріндегі жеңілдіктерге ие болған.


Прокурор соттан айыпталушыларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.


«Үкім тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, бұрын соттылығының болмауын және мемлекетке келтірілген зиянды толық көлемде өтейтінін ескерді, сотқа дейінгі тергеу органдары ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ»,- делінген хабарламада.


Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қылмыстық рөлін, жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, сот Пірінбековті 5 жылға, Базарбаевты 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге үкім етті.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#A-Parking #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Кеше 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Кеше 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Кеше 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Кеше 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Кеше 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика