AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 6 мыңнан астам кітап оқушылар мен мұғалім...

Алматыда 6 мыңнан астам кітап оқушылар мен мұғалімдерге электронды және аудио форматта қолжетімді

Әлеумет 16.08.2024, 16:56 1,022 Bakyt
Алматыда 6 мыңнан астам кітап оқушылар мен мұғалімдерге электронды және аудио форматта қолжетімді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қаладағы барлық мектептің оқушылары мен мұғалімдері 6 мыңнан астам көркем әдебиет туындысына электронды және аудио форматта қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев педагогтердің қалалық тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шаһар басшысы Алматыда цифрлық шешімдер балаларға арналған білім беру мазмұнын айтарлықтай өзгертетін және жақсартатын бірқатар жобаның жүзеге асып жатқанын айтты. 

«Kitap.kz жобасы қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне электронды және аудио форматтағы 6000-нан астам көркем әдебиет туындысына қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірегей цифрлық кітапхана ретінде өзінің тиімділігін көрсетті», - деп Ерболат Досаев цифрлық платформалар жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және үздіксіз оқытуға жағдай жасаудың негізгі құралына айналып отырғанын жеткізді. 

Айта кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының қарсаңында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтардың қалалық тамыз саммиті өтіп жатыр. 

Саммит педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру саласындағы озық тәжірибе және жаңа технология алмасуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тамыз #мұғалім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);