ffin.kz

Алматыда 56 қосалқы станцияның 37-сі жаңғыртылды

Алматыда 56 қосалқы станцияның 37-сі жаңғыртылды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы мен Алматы облысын электр қуатымен қамтамасыз етуде заманауи технологияларды қолданысқа енгізіп отырған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қала бағдарламасына сәйкес мегаполистегі электр желілері мен шағын стансалардың басым бөлігін қайта жабдықтап, жарақтандыруда.


Іске қосылған қосалқы станциялар желілердің өткізу қабілетін арттыруға, электр энергиясын беру кезіндегі техникалық шығындарды және желілердегі үзілістер санын азайтуға, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ жаңа тұтынушылардың қосылуын қамтамасыз етіп, желідегі кернеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа қосалқы станциялар шағын және орта бизнес субъектілерін сенімді және тұрақты түрде электрмен жабдықтап қана қоймай, өңірге қажетті әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салу мүмкіндігін де кеңейтуде. Салынған энергетикалық нысанда әлемдік жетекші өндірушілердің жоғары вольтты жабдықтары орнатылған.



Инвестициялық бағдарламаға сәйкес Алматы қаласында жалпы ұзындығы 150 шақырымға жуық кабельдік желілердің құрылысын, 85 трансформаторлық қосалқы стансаларды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Алматы қаласының тарихи орталығы саналатын Арбат, яғни Жібек жолы даңғылының бойында орналасқан белгілі демалыс және сауда орнында үлкен жұмыс атқарып, жер астымен жіберілген кабельдік желілер ауыстырылды.


Қала аумағында орналасқан 56 қосалқы станцияның 37-сі жаңғыртылып, Алматы облысындағы өндірістік аймағы саналатын Көкөзек пен Қайназар ауылдарында жаңа қосалқы станция салынды. Сонымен қатар Өтеген батыр, Талғар мен Қарасай аудандарында қосалқы станцияларды жаңғырту жұмыстары жүргізілді.


«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ техникалық жабдықтарына да ерекше назар аударуда. Автопарктегі  көліктер жоспарға сәйкес жыл сайын жаңартылса, биыл қазіргі қолданыста жүрген ескірген автокөліктердің 80-нен астамын жаңартып апатты жағдайлар кезінде  энергетиктердің жұмыс істеуіне қолайлы болу үшін модернизацияланған көліктермен толықты.


Қойылған міндеттердің орындалуы, жоғары вольтты электр желілерінен, автоматтандырылған басқару жүйесі бар қосалқы станциялардан, қуатты трансформаторлардан және т.б. заманауи энергетикалық инфрақұрылымды пайдалана отырып салынған нысандардың арқасында жүзеге асуда.  Алайда, қаланың шекарасы жыл сайын кеңейюде, электр энергиясын тұтыну көлемі де айтарлықтай артуда. Демек, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметіне артылатын міндет жыл санап өсуде. Біздің мамандар осы міндетті қалтқысыз орындауда аянбай еңбек етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53