AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 43-тегі ер адамға жүрек трансплантациялан...

Алматыда 43-тегі ер адамға жүрек трансплантацияланды

Медицина 26.06.2025, 14:03 890 Нұржамал ӘЛІШ
Алматыда 43-тегі ер адамға жүрек трансплантацияланды
Сурет: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында үшінші рет жүректі трансплантациялау операциясы  жасалды.  

5 сағатқа созылған күрделі операцияны кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев UMC «Жүрек орталығы» №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Светлана Новиковамен, сондай-ақ анестезиологтар мен кардиохирургтармен бірлесіп жүргізді.

Алматы қаласының Орталық қалалық ауруханасына түскен 40 жастағы ер адам донор болды, дәрігерлер пациенттің ми өлімін растады.  

Жүрек Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны 43 жастағы ер адамға трансплантацияланды. Ол ишемиялық кардиомиопатияға, жүре пайда болған жүрек ақауына, митральды қақпақша қызметінің жеткіліксіздігіне, 26% шығарылу фракциясы төмендеген созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне,  2022 жылы инфарктқа шалдыққан. Науқаста аздаған дене қимылы кезінде ентігу, жүректің дұрыс жұмыс істемеуі, жалпы әлсіздік, бас айналу шағымдары болды.

Емдеуге қарамастан, жағдайы жақсармады, жүректің көп бөлігі тыртықтан тұрып, жиырылмады.
Трансплантациядан бұрын оған бірнеше рет стент қойылған, кардиовертер-дефибриллятор имплантацияланды. Аурудың қолайсыз болжамын ескере отырып, ағымдағы жылдың қаңтарында UMC мамандары LVAD имплантациялау ұсынған, бірақ науқас бас тартты. Емдеуден нәтиже болмағандықтан жүрек трансплантациясын күту тізіміне қойылды.

«Жүрек трансплантациясы бүгінгі күні жүрек қызметі жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастарды емдеудегі «алтын стандарты» болып табылады. Өкінішке орай, ондай пациенттердің саны жылдан жылға артып келеді. Трансплантацияны қажет ететіндердің барлығына трансплантация жасау мүмкіндігі шектеулі, себебі донорлық орган жетіспейді. Мысалы, 2025 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жүрек трансплантациясын күту парағында 139 ересек және 7 бала тұр», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Марат Орынбасарұлы UMC «Жүрек орталығы» мен Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығына көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Донордың жүрегі ғана емес, сонымен қатар 2 балаға бүйрегі трансплантацияланғанын, екі мөлдірқабығы  алынғанын да айта кету керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #ота #трансплантация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);