AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 43 соғыс ардагеріне Жеңіс күні қарсаңында...

Алматыда 43 соғыс ардагеріне Жеңіс күні қарсаңында 2 миллион теңгеден беріледі

Әлеумет 04.05.2024, 10:36 1,288
Алматыда 43 соғыс ардагеріне Жеңіс күні қарсаңында 2 миллион теңгеден беріледі
Almaty-akshamy.kz

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтып берді.


Бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 43 ардагері тұрады. Оларға материалдық қолдау көрсету үшін жыл сайын 1 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылады.


 «Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына және мәслихат шешіміне сәйкес биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 1 млн теңге төленеді. Барлығы 2024 жылы олар 2 млн теңгеден алады», - деді Б.Жаубасов.


Осылайша, 2024 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек төлемдері белгіленді:


1. ҰОС ардагерлеріне – 2 млн теңге;


2. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 100 мың теңге;


3. басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлеріне – 100 мың теңге;


4. Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына – 100 мың теңге;


5. қайтыс болған ҰОС ардагерінің әйеліне – 50 мың теңге;


6. еңбек майданына қатысушыларға – 50 мың теңге.


Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ай сайын 6,5 АЕК (23 998 теңге) мөлшерінде, және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты 0,8 АЕК (2954 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері:


- санаториялық-курорттық емделуге тегін жолдама алуға;


- қалалық қоғамдық көлікте (таксиден өзге) тегін жүруге;


- протездеу және протездік-ортопедиялық бұйымдармен (стоматологиялық бұйымдарды қоспағанда) тегін қамтамасыз етілуге;


- арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін (үйде күтім көрсету, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау) алуда басымдылыққа;


- амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін және шұғыл госпитализациялауды қамтамасыз ететін ұйымдарда жеңілдетілген көмек алуға құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жеңіс #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46

Republic Day және Bereke Fest:  жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);