AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 41 000 шаршы метр жол төсемі ағымдағы жөн...

Алматыда 41 000 шаршы метр жол төсемі ағымдағы жөндеуден өтті

Әлеумет 06.05.2024, 11:05 1,000
Алматыда 41 000 шаршы метр жол төсемі ағымдағы жөндеуден өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда шұңқырларды жөндеудің 90%-ы 5 жылдан астам уақыт бойы орташа жөндеу жүргізілмеген жолдарға тиесілі


Алматыда ауа райы қолайлы бола салысымен көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Әр ауданның мердігерлік ұйымдары мониторинг барысында және қала тұрғындарының түрлі арналар арқылы келіп түскен өтініші негізінде анықталған шұңқырларды жөндейді. 


Мысалы, Telegram арнасындағы жол инфрақұрылымына арналған @AlmatyJolybot чат-ботына 23 сәуірден бастап күн сайын 30-40 өтінім тіркеледі. Барлығы 400-ден астам өтініш келіп түсті, оның 70%-дан астамына тиісті жауап берілді. Сондай-ақ өтінімдер open-almaty.kz интернет порталы мен eOtinish сервисі арқылы келіп түседі. 


Жалпы, жұмыс басталғалы 41 000 шаршы метр жол төсемі ағымдағы жөндеуден өтті. Бұл ретте, жыл соңына дейін 310 000 шаршы метр асфальтбетон жабыны бар жолдарды жөндеу жоспарланған. 



Айта кету керек, ағымдағы жөндеу жол төсемінің ұсақ зақымдануы мен апаттық қазылуының алдын алу және шұғыл түзету үшін жүргізіледі. Талдау көрсеткендей, Алматыда шұңқырларды жөндеудің шамамен 90%-ы 5 жылдан астам орташа жөндеу жүргізілмеген жолдарға, сондай-ақ инженерлік желілерді салу және жөндеу жүргізілген учаскелерге тиесілі. 



Орташа жөндеу жол жабынын ауыстыра отырып, жолдың бастапқы пайдалану қасиетін қалпына келтіруді көздейді. Биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Алматыда ұзындығы 200 км болатын 175 көшеде жол жабынына орташа жөндеу жүргізілді, орташа жөндеуге кепілдік мерзімі 3 жыл, осы уақыт ішінде мердігер кез келген ақауды өзі түзетеді. Бұл ретте, былтыр пилоттық режимде қаланың 15 магистральдық көшесінде жөндеу кезінде жолға және жарыққа төзімділікті арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон пайдаланылды. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа төтеп бере алады, әлдеқайда ұзағырақ – қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жылға дейін пайдалануға болады. Биыл бұл тәжірибе жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдар #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика