AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа бара...

Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Алматы Бүгін 17:56 46 yakiya
Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Алматыда 2026–2027 жылғы оқу жылына бірінші сыныпқа құжат қабылдап жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа оқу жылында қала мектептеріне шамамен 31 мың бірінші сынып оқушысын қабылдау жоспарланып отыр екен.

«Қаланың 214 мемлекеттік мектебінде бірінші сыныпқа қабылдайды. 10 маусымда басталған қабылдау науқаны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жүргізіліп жатыр», – дейді спикер.

Құжат тапсыруға электрондық үкіметтің egov.kz порталын пайдаланады. Ата-аналар мектептің өзіне барып та қағаз жүзінде құжат тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші негізінде, ешқандай қабылдау емтихандарынсыз жүзеге асады. Мектепке қабылдау кезінде сол білім беру ұйымына бекітілген аумақта тұратын балаларға басымдық беріледі.

Сондай-ақ 3:1 қағидаты қолданылады. Оған сәйкес, микроучаскеге жатпайтын бір балаға мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын үш бала қабылданады.

«Тұрғылықты мекенжайды растау мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте баланың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі міндетті емес, заңды өкілдерінің бірінің тіркеуде болуы жеткілікті», – деп атап өтті Сәкен Аралбаев.

Білім басқармасының мәліметінше, өткен жылғы қабылдау науқаны барысында 38 мыңнан астам өтініш қабылданып, бірінші сыныптарға 29 561 бала қабылданған. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын сыныпқа қабылданған оқушылар саны да өсіп келеді.

Мекеме өкілдері өтініштің кезегі мен білім беру ұйымдарындағы бос орындардың болуына қарай қабылдау жүргізілетінін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бірінші сынып оқушылары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы спортшылары стенд атудан әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:43

Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды

Бүгін 18:32

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:29

Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 18:27

Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Бүгін 18:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);