AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 306 заңсыз орнатылған СЕСН бұзылды

Алматыда 306 заңсыз орнатылған СЕСН бұзылды

Заң мен тəртіп 18.03.2025, 10:37 861
Алматыда 306 заңсыз орнатылған СЕСН бұзылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда көшедегі заңсыз сауданы жою мақсатында 306 заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны (СЕСН) мен 222 ойын-сауық аппараты (күш өлшеуіш) бұзылды. Сонымен қатар, мемлекеттік жер қорында заңсыз тұрғызылған 32 күрделі құрылымды мәжбүрлеп бұзу үшін сотқа талап-арыз жіберілді.

 

Қалған 139 СЕСН-ді бұзу жұмыстары биыл 31 наурызға дейін аяқталады. Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет бұл нысандардың заңсыз қосылған инженерлік желілерін өшіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Жергілікті тұрғындар заңсыз нысандарды бұзу бастамасын қолдайды.

 

«Бұл дүңгіршектер жүріп-тұруға кедергі келтіріп, ретсіздік туғызды, ал кейбір сатушылар қоқысты тротуарға тастап кететін», – дейді алматылық тұрғын Әлия Сәрсенова.

 

«Бұрын мұнда сапасы күмәнді тамақ сататын дүңгіршек болған. Өнім сақтау жағдайы санитарлық талаптарға сай емес еді. Қазір бұл жер денсаулық үшін, әсіресе балалар мен жастар үшін қауіпсіз болды», – дейді зейнеткер Сергей Иванов.

 

Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жұмыс тобымен бірлесіп, өздігінше орнатылған СЕСН-дерді жою жұмыстарын бастаған болатын.

 

Қалада заңсыз СЕСН-дерді алып тастау жұмыстары жалғасып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дүңгіршек #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);