AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 294 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамт...

Алматыда 294 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады

Алматы Бүгін 17:32 54 yakiya
Алматыда 294 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады

Алматыда жазғы демалыс пен сауықтыру бағдарламасымен 294 мың бала қамтылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл 1–10 сыныптарда оқитын оқушылардың жалпы санының 98,7%-ы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев мәлімдеді.

«Әлеуметтік осал санаттағы балалардың, жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың демалысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 527 миллион теңге бөлінді», – дейді Сәкен Аралбаев.

Қала сыртындағы демалысты ұйымдастыруға да көп көңіл бөлінді. Бюджет есебінен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 2 537 бала сауықтыру лагерінде демалады.

Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар 200 бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 000 бала жазғы демалысын мемлекеттік «Өрнек» лагерінде өткізеді. Бұдан бөлек, пәндік және IT олимпиадалардың 200-ден астам жеңімпазы «Балдаурен» орталығына жолдама алады.

1–12 маусым аралығында Алматыда 207 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеп, оларда 190 мың бала қамтылды. 42 мың оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылды.

«Биыл алғаш рет мектеп жанындағы лагерьлерде ерекше білім беруге мұқтаж балаларға ерекше назар аударылды. Мыңнан астам бала үшін сүйемелдеу мен бос уақытты ұйымдастыру бағдарламасы әзірленді», – деп атап өтті спикер.

Жазғы кезеңде демалыспен қатар ауқымды кәсіптік бағдар беру мен шығармашылық жұмыстар да ұйымдастырылды. Оқушылар сарайы, өнер мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының базасында түрлі бағдарламамен 80 мыңнан астам бала қамтылды.

Сондай-ақ 600-ге жуық оқушы қаланың 18 колледжінің базасында әртүрлі мамандықпен танысты. «Таза Қазақстан, жасыл сабақтар» жобасы аясында 20 мыңға жуық оқушы мен студент қатысқан 100 іс-шара ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, «Каникулда кітап оқимыз» оқу мәдениетін дамыту жобасы аясында қосымша білім берудің 20 орталығында арнаулы WORKSPACE ALMATY аймақтары жұмысын бастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жазғы лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы спортшылары стенд атудан әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:43

Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды

Бүгін 18:32

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:29

Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 18:27

Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Бүгін 18:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);