Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2026 жылғы су тасқынына дайындық оқу-жатт...

Алматыда 2026 жылғы су тасқынына дайындық оқу-жаттығулары өтті

Әлеумет 27.02.2026, 10:01 152
Алматыда 2026 жылғы су тасқынына дайындық оқу-жаттығулары өтті
Сурет: Алматы қаласының ТЖД

2026 жылғы 25–26 ақпанда Алматы қаласында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша республикалық команда-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығулар ықтимал жағдайды болжауға, күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеруге, алдын алу іс-шараларын жүргізуге және халықты оқытуға бағытталды.

Бірінші күн – 25.02.2026

  • ТЖД базасында қалалық жедел штаб жұмысын бастады.

  • Қала аумағындағы ықтимал жағдайдың даму болжамы жасалды.

  • Басқару органдары мен байланыс жүйесі дайындалды, халықты құлақтандыру жүйесі іске қосылды.

  • Су тасқынына қарсы күштер мен құралдар тексеріліп, жұмыс орындарына марш ұйымдастырылды.

  • Әуежай көлінде жылжымалы сорғы станциясы (ПНС), тасымалды және тіркемелі мотопомпалар тексерілді.

  • 5 әлеуметтік нысанда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1 000 м³ қар шығарылды. Сонымен қатар арық желілері тазартылды.

Екінші күн – 26.02.2026

  • Қаланың әр ауданында қауіпті учаскелер анықталды.

  • Су басу қаупі бар аудандарда халықты қабылдау, медициналық, психологиялық және тамақтандыру пункттері ұйымдастырылды. Эвакуация элементтері пысықталды.

  • Мектептерде 10–11 сынып оқушыларына су тасқыны мен су басу жағдайларындағы іс-қимылдар оқытылды, жалпы 3 200 адам қамтылды.

  • Алматы қаласының 8 ауданында Үлкен Алматы, Есентай, Қарғалы, Кіші Қарасу өзендерінің арналары мен арық желілері қардан, мұздан және қоқыстан тазартылды.

Жалпы нәтижелер

  • 20 шақырымнан астам өзен арналары тазартылды.

  • 50 шақырымнан астам арық желілері тазартылды.

  • 3 000 м³-тен астам қар, мұз және қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

  • Қала бойынша практикалық іс-шараларға шамамен 350 адам және 110-нан астам техника бірлігі жұмылдырылды.

Оқу-жаттығулар қаланың дайындық деңгейін арттыруға, ықтимал қауіп-қатерді болжауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су тасқынына дайындық #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық пен жаһандық білім кеңістігі

Бүгін 14:18

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі ажырасуға не себеп болғанын ашық айтты

Бүгін 14:09

Алматының Наурызбай ауданында 35 абаттандыру жобасы қолға алынып, жаңадан 38 аула ашылмақшы

Бүгін 12:26

Наурызбай ауданында әлеуметтік осал топтағыларға 5,5 мыңнан астам пәтер беріліп, 3 мың адамға АӘК көрсетілді

Бүгін 12:22

Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп пен тағы үш әлеуметтік нысан салынады

Бүгін 12:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика