Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 2026 жылға арналған перинаталдық көмекті...

Алматыда 2026 жылға арналған перинаталдық көмекті дамыту басымдықтары айқындалды

Медицина 20.02.2026, 10:36 162
Алматыда 2026 жылға арналған перинаталдық көмекті дамыту басымдықтары айқындалды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылдың жұмыс қорытындылары, сондай-ақ перинаталдық көмек пен балалар кардиохирургиясын дамыту жайы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметі қорытындыланды. Өткен жылы орталықта 211 балағв кардиохирургиялық ота жасалды, олардың басым бөлігі бір жасқа дейінгі сәбилерге тиесілі. 2024 жылдан бері 71 құрсақішілік ота жүргізілді. Жоспарлы араласулардың үлесі 30%-дан 90%-ға дейін артты, бұл гемотрансфузия көлемін едәуір қысқартуға және емдеудің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

Орталық директоры Гүлнар Нұрланованың айтуынша, бұл – балалар кардиохирургиялық қызметі бар Қазақстандағы жалғыз перинаталдық ұйым. Құрылымында ұрықты қорғау орталығы, бір күндік клиника, неонаталдық хирургия және оңалту бөлімшелері жұмыс істейді. Феталдық медицина технологиялары енгізілген, жеке ана сүті банкі және Орталық Азиядағы алғашқы SMART PELVIC жамбас түбін диагностикалау және қалпына келтіру орталығы ашылған.

2025 жылы жеке ана сүті банкінің іске қосылуы маңызды жетістік болды. Соның нәтижесінде реанимациядағы шала туған нәрестелердің 95%-ы ана сүтімен қамтамасыз етілуде. Сол жылы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының 200-ден астам қызметкері Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Бельгия, Қытай, АҚШ және басқа да 13 елде біліктілігін арттырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Марат Пашимов қаладағы өзге перзентханаларға осы тәжірибені негізге алуды және дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар перинаталдық қызмет пен балалар кардиохирургиясын одан әрі дамыту жөніндегі жол карталарын әзірлеу, халықаралық стандарттарды енгізуді кеңейту және пренаталдық скрининг пен пациенттерді маршрутизациялау жүйесін жетілдіру міндеті қойылды.

Бұл шараларды іске асыру Алматыда аналар мен балаларға көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кардиохирургия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Бүгін 14:00

"Бір айдан бері ауруханада". Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Бүгін 12:46

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика