конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 2025 жылы тамақтан ұшынғандардан 46 өтіні...

Алматыда 2025 жылы тамақтан ұшынғандардан 46 өтініш түсті

Барлығы 24.12.2025, 10:21 775
Алматыда 2025 жылы тамақтан ұшынғандардан 46 өтініш түсті
Сурет: pixabay.com

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне биыл тағамнан ұшынды деген күдікпен 46 өтініш келіп түскен. Соған орай 18 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, көпшілік тамақтанатын 3 жердің тазалыққа қатысты талапты бұзғаны анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Департамент басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова осылай деді.

Спикердің айтуынша, бұлар өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау талабын сақтамағаннан, қызметкерлердің жеке медициналық кітапшалары болмай, тамақ пісіріп, таратар кезде құрал-жабдықтарды дұрыс қолданбағаннан болған. Тексеру қорытындысы бойынша заңды тұлғаларға жалпы сомасы 943,7 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

Алматыда биыл 3 адамның ботулизммен ауырғаны да тіркелген. Барлық науқас қажетті медициналық көмек алды.  Гаухар Қаткенованың айтуынша, тамақтан ұшыну қаупі негізінен мереке күндері, соның ішінде жаңа жыл қарсаңы мен іс-шаралар болып жатқан кезде жиілеп кететін көрінеді.  

Тағамнан ұшынудың негізгі белгілері – жүрек айнып, құсу, іштің ауыруы, іш өтіп, бас айналу, әлсіздік. Ауыр жағдайда дене қызуы көтеріледі, ботулизм кезінде көздің көруі нашарлап, жұтыну қиындап, бұлшықетте әл болмайды.  

"Алғашқы белгілер пайда болған жағдайда әркім өзін-өзі емдеумен айналысып кетпей, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Бұл асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді", – дейді Гаухар Қаткенова.

Сарапшының айтуынша, Алматыда көбіне майонез қосылған салаттарды,  термиялық өңдеуден дұрыс өтпеген ет пен балық тағамын тұтынғанда, сондай-ақ ұзақ тұрып қалған дайын тағамдарды жеген кезде ұшынып қалады.  

Департамент мерекелік кезеңде тағам қауіпсіздігін сақтау үшін мынандай ережелерді қаперге алуды ұсынады:
- тез бұзылатын өнімдерді +2…+4 °C температурада сақтау;
- дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық ұстамау;
- етті, балық пен жұмыртқаны толық термиялық өңдеуден өткізу;
- үйде жасалған консервілерді тұтынудан бас тарту;
- иісі, сыртқы түрі күмәнді немесе мерзімі өткен өнімдерді қолданбау;
- ұшынған жағдайда дәрігерге қаралып, күдікті тағам қалдықтарын мүмкін болса тексеру үшін сақтап қалу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тамақтан улану #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Кеше 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Кеше 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);