конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда 2024 жылдың «Әскер барысы» және «Жас сарб...

Алматыда 2024 жылдың «Әскер барысы» және «Жас сарбаз барысы» чемпиондары анықталды

Спорт 01.04.2024, 12:35 1,504
Алматыда 2024 жылдың «Әскер барысы» және «Жас сарбаз барысы» чемпиондары анықталды
Сурет: Gov.kz

Әскери қызметшілер арасында "Әскер барысы" титулына қазақ күресінен өткен IX жабық турнир аяқталды. Жарыс ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында өтті.


Ең мықты балуан атағы үшін Қарулы күштер, ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, ТЖМ атынан қатысқан 19 спортшы және "Жас сарбаз" қозғалысының 18 мықтысы сынға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жарыстың құрметті қонақтары қазақ күресі ұлттық қауымдастығының алғашқы президенті Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы профессор Ерғали Мұхиддинұлы мен "Қазақстан барысы" турнирінің бірінші жеңімпазы Ұлан Рысқұл.


Турнир жеңімпаздарын ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов құттықтады.



«Биыл алғаш рет "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері арасында өтетін турнир аясында дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында жарыстар өткіздік. Жыл сайын қазақ күресі жастар арасында танымал болып келе жатқаны бізді қуантады», – деді ол.



Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орындарды Орталық спорт клубының спортшылары сержант Әділ Оразбаев пен аға лейтенант Марат Байқамұров жеңіп алды. Үшінші орын Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Бекзат Алтыбаевқа берілді.


Десанттық-шабуылдау әскерлері жанындағы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі Нұрсейіт Сахыбай "Жас сарбаз барысы – 2024" республикалық турнирінің жеңімпазы атанды. Күміс жүлде әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі Серікқали Сағиятқа, қола – Әуе қорғанысы күштері жанындағы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі Әбіш Әбілқайырға бұйырды.


Қазылар алқасының шешімі бойынша алтын белбеу иегері сержант Әділ Оразбаев беделді "Қазақстан барысы" республикалық турнирінде Қарулы күштердің намысын қорғайтын болады. Алда ол елдің ең мықты балуаны атағы үшін бағы мен бабын сынап көреді.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы "Әскер барысы" турнирінің жеңімпазы армия спортшысы Марат Байқамұров болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әскер барысы #Жас сарбаз барысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды

Бүгін 15:57

Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын дамытуды және бұқаралық спортты қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 15:46

Алматы қаласы учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шекаралары және жұмыс уақыты туралы хабарлама

Бүгін 15:27

КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда

Бүгін 15:21

ЖЫЛТЫРАҒАННЫҢ БӘРІ ДӘСТҮР ЕМЕС

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);