Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2022 жылы 350 мың ағаш отырғызылады

Алматыда 2022 жылы 350 мың ағаш отырғызылады

Әлеумет 12.04.2022, 09:55 2,367
Алматыда 2022 жылы 350 мың ағаш отырғызылады
almaty-akshamy.kz

Осылайша, жергілікті атқарушы органдар Jasyl Almaty-ның 1 миллион ағаш отырғызу акциясын аяқтайды. Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев бүгінде мегаполисте 705 мың көшет отырғызылғанын атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елді көгалдандырудың ауқымды бағдарламасын бастауды тапсырған болатын.



"Биыл бізде 350 мың жасыл желек отырғызу жоспары бар, оның ішінде 72 346 көшет отырғызылды. Жалпы, осы екпелер есебінен 1 миллион ағаш отырғызу арқылы Jasyl Almaty акциясын аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Әділбаев.



Спикер Алматының Жасыл экономика басқармасының алдында қалалық экожүйені біріктіретін және биоәртүрлілікті қолдайтын қаланың "жасыл желісін" құру бойынша маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Сондықтан ағаш отырғызу 2022 жылдың күзінде жалғасады. Тағы 277 654 жас көшет отырғызу жоспарлануда.


Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы магистралды жолдар, жолайрықтар, теміржолдар бойында, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің аумақтарында, өзен жағалауларында, саябақ және санитарлық-қорғау аймақтарында  ағаш отырғызылатынын хабарлады.



"Ағаш отырғызу кезінде дендролог ғалымдардың ұсынымдары ескерілді, олар кәдімгі қарағай, қазақстандық терек, ұсақ жапырақты қарағай, қайың, шаған, жалған акация, сүйір жапырақты үйеңкі, каштан, робиния, жалған акация, көпіршік, долана, алма, өрік отырғызуды ұсынады", - деп атап өтті С. Әділбаев.



Спикердің айтуынша, қалада Алматы тұрғындарына көшеттерді тегін тарату бойынша "Жасыл аула" акциясы жалғасады. Күзде мегаполис тұрғындарына 2 мыңға жуық көшет тарату жоспарлануда.


Сондай-ақ, С. Әділбаев Алматыны гүл композицияларымен және гүлзарлармен безендіру жұмыстары туралы да айтып берді.



"Біржылдық және көпжылдық гүлзарларды отырғызу 2023 жылға дейін жалғасады. Жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге мердігерлік ұйымдармен 10 шарт жасалды. Гүл отырғызу сәуір айында басталды, өйткені бұл кезең ең қолайлы. Сәндік-гүлмен көгалдандырудың жалпы көлемі шамамен 159 мың шаршы метрді құрайды", - деді спикер.



Бұдан басқа, өткен жылдардың көпжылдық өсімдіктеріне күтім жасау, сондай-ақ 26 мың шаршы метр алаңға көгал егу жоспарланған.


Алматыда коламбус, абба, династи, стронг голд, лалибелла, ляп топ және т.б. гүлдерді отырғызу 10 мамырға дейін мегаполистің сегіз ауданында жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика