AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи «Шабыт» да...

Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи «Шабыт» даму орталығы ашылды

Әлеумет 25.03.2025, 10:10 919 Bakyt
Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи «Шабыт» даму орталығы ашылды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алмалы ауданында 1951 жылы салынған ескі Оқушылар үйінің орнына жаңа «Шабыт» балаларды дамыту орталығы ашылды. Жаңа орталық 2 500-ден астам оқушының білім алып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала әкімі Ерболат Досаев жаңа орталыққа барып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жасалған жағдаймен танысты.

Орталық Жамбыл және Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұрын бұл жерде №2 Оқушылар үйі болған, алайда ғимарат ескіріп, заманауи стандартқа сай келмей қалған.

2024 жылы шілде айында қала әкімдігінің бастамасымен және инвестордың қолдауымен ескі ғимаратты бұзып, жаңа орталық салу туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде жалпы аумағы 1 415 шаршы метрден 3 414 шаршы метрге дейін ұлғайды, ал жобалық қуаты 1 200 баладан 2 500 балаға дейін артты.

Жаңа орталық заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған: интерактивті панельдер, моноблоктар, ноутбуктер, сондай-ақ, техникалық, музыкалық, көркемдік және спорттық бағыттарға арналған арнайы құрал-жабдықтар орнатылған.

   Әкімнің сапары барысында оған мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр, 25 метрлік жолағы бар жүзу бассейні, арт-студия, хореография залы, робототехника кабинеті, тігін шеберханасы және музыкалық сыныптар көрсетілді.

Робототехника кабинетінде оқушылар жобасын ұсынды. «Робот құрастырғанды жақсы көремін, бұл бізге бағдарламалауды үйренуге және түрлі мәселені шешуге көмектеседі. Инженер болуды армандаймын, ал орталықтағы сабақтар пайдалы дағдыларға үйретеді», – деді 7-сынып оқушысы Манас Өмірғалиев.

Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері, бет-әлпетті тану арқылы кіретін турникеттер, өртке және төтенше жағдайға арналған дабыл жүйелері орнатылған.

Орталық директоры Бақытгүл Лекерова мекеменің басты мақтанышы бассейн екенін атап өтті: «Бұрын №2 Оқушылар үйінде спорттық-сауықтыру бағыты үшін жағдай жасалмаған еді. Енді балалардың жүзумен айналысуға мүмкіндігі бар – душ кабиналары мен жайлы шешінетін бөлмелер қарастырылған. Жаңа ғимарат балалардың дарынын ашуға және өздерін шығармашылық тұрғыда көрсетуге үлкен мүмкіндік береді», – деді ол.

Орталық аумағында футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын аймағы салынды, сондай-ақ, туя мен бұталар отырғызылды.

«Шабыт» балаларды дамыту орталығы мектеп жасындағы балаларға арналған. Мұнда олар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық, көркем-эстетикалық, музыкалық-аспаптық және спорттық-сауықтыру сынды бағыттар бойынша білім ала алады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шабыт #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);