Алматыда 17 қыркүйекте қала күні тойланады

Алматыда 17 қыркүйекте қала күні тойланады Almaty-akshamy.kz

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады. Биыл салтанатты мерекелер 17 қыркүйекте Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда өтеді.


Бұған қоса, бұл күні концерттер, көрмелер, флешбомдар, фестивальдар, мегаполистің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан жандарды «Алматының Құрметті азаматы» атағымен марапаттау сынды мерекелік іс-шаралар өтеді:



– Сағат 12:00-20:00 аралығында қаланың 8 ауданында және Панфилов пен Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» фестивалі өтеді. Мерекенің жалпы тұжырымдамасына сәйкес фестиваль бағдарламасы түрлі аймақтарға бөлінеді: командалардың қойылымы, жас әртістердің концерті, қолөнершілер жәрмеңкесі, заманауи өнер көрмесі, «Кино» кафесінде кино көрсетілімдері, жергілікті суретшілер мен дизайнерлердің шеберлік сыныптары.


– Сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді, екі күнге ол алып алма саябаққа айналады. Фестиваль бағдарламасында алма базары, қалалық мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік бағдарламалар жоспарланған. Облыстық шаруашылықтар сататын алма өткен жылғы 100 тоннадан 127 тоннаға көбейеді. Сонымен бірге Абай алаңында сағат 10:00-де салтанатты іс-шара – «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі тапсырылады.


- Сағат 15:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтеді. Сонымен қатар, сағат 20:00-де Абай алаңында «Алматы жұлдыздары» музыкалық фестивалі өтеді.





Алматы қаласының барлық ауданында қала күні тойланып, салтанатты іс-шаралар өтеді:


- Жетісу ауданында сағат 17:00-де Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбатта (https://2gis.kz/almaty/geo/9430150454185011/76.914858659729362, 43.321033308781573) және 17 қыркүйек сағат 12:00-де «Гүлдер» саябағында, Серіков көшесі, 2а, қала күнін тойлауға арналған мерекелік концерт өтеді.  


- Әуезов ауданында 17 қыркүйек күні сағат 17:00-де Family park демалыс саябағында (Абай даңғылынан кіреберіс) қуыршақ театры мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Туған күніңмен, Алматым!» мәдени іс-шара өтеді.


- Түрксіб ауданында 16-17 қыркүйек күндері сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін №6 Оқушылар үйі алаңының алдында, Сейфуллин даңғылы, 13/1 «Туған күніңмен, Алматы» мерекелік іс-шарасы өтеді. Кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, акробаттар, бишілер мен сиқыршылар, сонымен қатар, сәбилерге арналған қуыршақ театры және танымал «Ұлытау» этно-рок-тобы өнер көрсетеді.


- Алмалы ауданында 16 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайындағы «Мега парк» СОО аумағында «Туған күніңмен, Алматы!» мерекелік іс-шара өтеді.


- Наурызбай ауданында ауданның эстрадалық жұлдыздары мен дарынды балаларының қатысуымен «Алматы – болашақ қаласы»мерекелік концерті 16 қыркүйекте сағат 11:00-де және 17 қыркүйекте сағат 19:00-де Шұғыла ш/а, 347 мекенжайындағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.



  • Бостандық ауданында 16 қыркүйек күні сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін Розыбакиев көшесі, 247а мекенжайындағы MEGA Alma-ata СОО амфитеатрында жас орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.


- Алатау ауданында 16 қыркүйекте қала күніне орай «Алатау» ДӨТ аумағында (Нұркент, 6 ш/а.) сағат 18:00-де «Асыл мұра» дәстүрлі музыкасының мерекелік кеші, ал 20:00-де «Дос-Мұқасан» тобы өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:25

20:21

19:51

19:08

18:52

18:05

17:28

17:02

17:01

16:45

16:23

16:12

15:55

15:27

15:14

14:52

14:20

13:56

13:38

13:03

12:24

12:00

11:05

11:03

10:59