Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда 16 жасқа толғандарға ғана электрлі самока...

Алматыда 16 жасқа толғандарға ғана электрлі самокат жалға беріледі

Өмір-өзен 15.07.2022, 09:08 1,402
Алматыда 16 жасқа толғандарға ғана электрлі самокат жалға беріледі
Сурет: Сlub.dns-shop.ru

Қала аумағында электрлі самокаттардың жылдамдығы – 25 км/сағ болып бекітілді.


Алматы қаласының әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беретін операторлар мегаполисте құрал қолданысын реттеу мақсатында ынтамақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Меморандум аясында электрлі самокаттармен жаяу жүргіншілер жолағында, саябақтарда және бұқаралық іс-шаралар өтетін қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады. Қала аумағында электрлі самокаттардың жылдамдығы – 25 км/сағ болып бекітілді.



Сондай-ақ, электрлі самокаттарды тек 16 жасқа толған тұлғалар ғана жалға ала алады. Операторлар метро мен қоғамдық орындардың кіреберісінде, көгалда, көлік және жаяу жүргіншілер жолағында қалдырылған электрлі самокаттардың бірден арнайы орындарға жеткізілуін қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін қалада электрлі самокаттарға арналған тұрақ аумақтары ұйымдастырылады.


Келесі жылдың соңына дейін электрлі самокаттарға арналған 3 000 тұрақ орнын ұйымдастыру жоспарда. Сондай-ақ, тараптар сервис жұмысын қыс мезгілінде ауа райына байланысты жүргізудің нақты шарттарын белгіледі. Мысалы, 15 желтоқсаннан 20 ақпанға дейін орташа ауа температурасы 2 градустан төмендеген жағдайда жалға беру аумағы қысқарады әрі электрлі самокаттардың 10%-ы ғана жалға беріледі.



Аталған меморандум шарттарында көрсетілген барлық пунктерді жүзеге асыру нәтижесінде электрлі самокаттардың қолданысын реттеу, қауіпсіздік деңгейін арттыру, тиісті инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы, микромобильді көліктің, оның ішінде электрлі самокаттардың дамуы қоршаған ортаны ластау деңгейі мен жеке көлікпен жүру жиілігін төмендетуге әсер ететіндігі, бұл өз кезегінде қала көшелерінің жүктемесін төмендетуге де ықпал ететіндігі аталып өтті.


Күн сайын қалада электрлі самокаттармен 100 мыңға жуық қозғалыс қамтамасыз етіледі. Еске салсақ, электрлі самокаттар Алматы қаласында 2018 жылы 100 данадан бастап жалға беріле бастады. Қазіргі кезде қалада 4 компания (Ozim, Jet, Eleven, Whoosh) 15 мың самокатты жалға беру қызметін ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#электр #самокат #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика