AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматыда 1300 шақырымды жүгіріп өткен ультрамарафо...

Алматыда 1300 шақырымды жүгіріп өткен ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов дауыс берді

Құрылтай 23.08.2026, 13:08 183
Алматыда 1300 шақырымды жүгіріп өткен ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов дауыс берді
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

10 тамыз күні Астанадан жолға шығып, Алматыға бүгін жеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ерекше азаматтық белсенділігімен көзге түскен ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов сайлауға қатысып, дауыс берді.

58 жастағы спортшы 10 тамыз күні Астанадан жолға шығып, бүгін Алматыға жүгіріп жетті. Осы уақыт аралығында ол шамамен 1300 шақырымды бағындырып, саяси науқан өтіп жатқан күні Алматыдағы №545 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады.

Ұзақ қашықтықты бағындыру үлкен төзімділік пен табандылықты талап етсе, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу – әр азаматтың жауапкершілігін көрсетеді. Меңдібай Әлімғазинов үшін бұл сапар спорттық мақсатпен ғана шектелмей, елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық ұстанымын білдірудің өзіндік үлгісіне айналды.

Ультрамарафоншы өзіне қолдау көрсетіп, жол бойында демеу болған барша азаматқа алғыс білдірді. Сондай-ақ, ұзақ сапардан кейін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасағанына қуанышты екенін атап өтті.

«10 тамыз күні Астанадан жолға шығып, бүгін Алматыға жеттім. 1300 шақырымға жуық жолды жүгіріп өту оңай болған жоқ. Бірақ ең басты мақсатым – Алматыға аман-есен жетіп, ел өміріндегі маңызды күнде азаматтық борышымды орындау еді. Мені жол бойы қолдаған, жылы сөзін айтып, демеу болған барша азаматқа алғыс білдіремін. Бүгін сайлауға қатысып, таңдау жасағаныма қуаныштымын. Әр азамат елінің болашағына бей-жай қарамай, дауысын беріп, азаматтық ұстанымын білдірсе екен», – деді Меңдібай Әлімғазинов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады

Бүгін 15:47

Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 3 балабақша ашылады

Бүгін 15:35

Наурызбай ауданында медициналық инфрақұрылым дамып, жаңа емханалар ашылуда

Бүгін 15:25

Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Бүгін 15:16

Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

Бүгін 15:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);