AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 120 литрлік жаңа қоқыс жәшіктерін орнату...

Алматыда 120 литрлік жаңа қоқыс жәшіктерін орнату басталды

Әлеумет 03.03.2025, 11:20 633 Bakyt
Алматыда 120 литрлік жаңа қоқыс жәшіктерін орнату басталды
Алматы қаласы әкімдігі

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қалада жаңа вандализмге төзімді қоқыс жәшіктерін орнату басталды. Бұл бастама санитарлық жағдайды жақсартып, көшелердің ластану деңгейін төмендетуге бағытталған. Бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылы Алматыда 12 036 жаңа қоқыс жәшігі орнатылады. Олардың көлемі 80 және 120 литр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, бұл жәшіктер аудан әкімдіктерінің өтінімі негізінде орнатылып, қаланың тазалығын жақсартуға арналған. Қоқыс жинау барысын жеңілдету үшін жәшіктердің ішінде 120 литрлік полиэтилен пакеттер қарастырылған.

Алматы әкімдігі жүргізген талдау көрсеткендей, қала көшелерінде 40-60 литрлік қолданыстағы қоқыс жәшіктері тез толып, қоқыс мәселесін ушықтырып отыр. Осыған байланысты, ескірген жәшіктерді ауыстыру туралы шешім қабылданды:
 • 80 литрлік гиперболоидті қоқыс жәшіктері саябақтар мен скверлерге орнатылады.
 • 80 литрлік төртбұрышты және цилиндрлік жәшіктер қаланың негізгі көшелері мен магистральдарға қойылады.
 • 120 литрлік төртбұрышты жәшіктер халық көп жиналатын орындарға – аялдамаларға, метро бекеттерге, жерүсті және жерасты өткелдеріне орнатылады.

2024 жылы қала билігі қолданыстағы жәшіктердің тез толуына байланысты қоқыс шығару маршруттарын көбейтуге мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанының басталғанын хабарлады. Ол 2025 жылғы 1 наурыз – 1 сәуір аралығында өтеді. Науқанның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.

Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген, оның алғашқысы – «Таза көшелер». Бұл кезеңде аялдамалар, бағдаршамдар, өткелдер, жол белгілері мен жарықтандыру құрылғылары тазартылады, сондай-ақ қоғамдық орындарға жаңа қоқыс жәшіктері орнатылады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Алматы – біздің ортақ үйіміз #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика