конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 11 мың адам психикалық, наркологиялық есе...

Алматыда 11 мың адам психикалық, наркологиялық есепте тұр

Әлеумет 29.03.2023, 15:01 849
Алматыда 11 мың адам психикалық, наркологиялық есепте тұр
Сурет: ашық дереккөз

Алматыдағы психикалық денсаулық орталығында түрлі психикалық және наркологиялық кеселге шалдыққан 11 мың тұрғын тіркеуде тұр. Бұл туралы орталықтың бас директоры Сапар Рахменшеев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Спикердің айтуынша, орталықта емделушілердің уайымнан дегбірі қашып, ұйқысынан айырылған науқастар тамақ жеуден бас тартады. Адам тез жүдейді. Нәтижесінде науқастың ағзасы әлсіреп, ары қарай анорексия, кахексия секілді созылмалы ауруларға шалдығады.



- Күйзелістің түрі көп. Соның бірі күйзелістен жабырқап, өмірден түңілгенде, арақ ішіп, есірткіге әуес болып, есті улайтын заттарға үйір болады. Олар өзінің жанын жегідей мазалаған сырқаттан осылай құтыламын деп үміттенеді. Сонымен бірге үнемі күліп жүрген адамдарда да күйзеліс болады. Олар өзінің жан дүниесін алай-түлей еткен мазасын күйді жасыру үшін жымиып жүреді, - дейді дәрігер.



Ол сырқаттан емделудің жалғыз жолы кәсіби мамандардың көмегіне жүгіну қажет екенін айтты.



- Күйзелісі асқынған кезде, науқас адам ұзақ уақыт бойы ұйқысынан айырылады. Мидың тынымсыз қызмет етуі салдарынан науқас түрлі дауыстарды естиді. Кейбіреулер өзін басқа әлемде жүргендей елестетеді. Олар шынайы өмірден жырақтап кетеді. Адамның мінез-құлқында, сөйлеген сөзі де өзгереді. Мұндай ауытқушылық байқалған кезде, ұйқысыздық мазалағанда, біздің орталыққа келу керек. Кәсіби мамандар психологиялық көмек көрсетеді, - деп сөзін түйіндеді Сапар Рахменшеев.



Айта кетейік, Алматы қаласының психикалық денсаулық орталығында сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. 8-722- 376-5660, 8-708-983-28-63, 1303 нөмерлерін теріп, клиникалық психологтардан кеңес алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психикалық #наркологиялық #есепте тұр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:08

Air Astana тұрақты сатып алулар саласында IATA ISP сертификатын алды

Бүгін 18:52

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шаймерденов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:52

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы екі күнге шектеледі

Бүгін 18:46

Қазақстан еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);