Жалпы, қала бойынша сағат 07:00-де 670 сайлау учаскесі жұмысын бастайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыда азаматтардың уақытша болатын орындарында орналасқан 11 мамандандырылған сайлау учаскесі Құрылтай сайлауында дауыс беру үшін сағат 06:00-де ашылды. Олардың қатарында әскери бөлімдерде, шипажайларда және басқа да мекемелерде ұйымдастырылған учаскелер бар.
Жалпы, қала бойынша сағат 07:00-де 670 сайлау учаскесі жұмысын бастайды. Алматы қаласының сайлаушылар тізіміне 1 329 251 адам енгізілген.
Барлық сайлау учаскелері дайындалып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.