Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда 10-шы мерейтойлық «Бастау» кинофестивалі...

Алматыда 10-шы мерейтойлық «Бастау» кинофестивалі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 25.11.2022, 06:54 1,589
Алматыда 10-шы мерейтойлық «Бастау» кинофестивалі өтеді
Сурет: Brod.kz

 2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында Алматыда «Бастау» X Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді.


Фестивальді Tanaris Production кинокомпаниясы Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Фестивальдің серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.


Фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы байланысты нығайту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілету. Фестиваль президенті Сергей Әзімов айтқандай, «Бастау» жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін бірегей алаң ұсынады. «Бастау» он жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді және фестивальдің кәсіби және ұйымшыл ұжымының арқасында барлық қиындықты еңсеріп отыр.



«Сондықтан біз үшін басты идея, негізгі тұжырымдама мынандай болды: бәріміз – ұйымдастырушылар, басшылар –  ең жоғары кәсіби мағынадағы қызмет көрсетуші персонал болуымыз керек. Біз осы оқиғаның басты кейіпкерлері – авторлар, режиссерлер, операторлар, драматургтер, жас актерлер айналасында құрылған инфрақұрылымды жасаймыз. Біз оларға осыны сезіндіруіміз керек», – дейді ол.



Биылғы жылы фестиваль режиссер Яна Скопинаның «Скоро кончится лето» атты фильмінің тұсаукесерімен ашылады. Бұл - оның толықметражды дебюті. Яна «Бастау» түлегі, оның алғашқы туындысы «Ты что-то прячешь в кулаке» атты қысқаметражды фильмі V «Бастау» ХКФ-да үздік деп танылған. 2015 жылы жүлде алғанда, сахнада үлкен картинамен осында оралуға уәде берген еді. Оның жаңа киносының сюжеті 1990 жылы көп ұлтты аулада бір жаздың оқиғасына негізделген. Ол «Кино» тобының музыкасына және өзгеріс сезіміне толы. Басты кейіпкер Баха есімді жас жігіт поляк қызына ғашық болады…


Фестиваль 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ашылады. Chaplin Cinemas кинотеатрында жабылуы өтеді.


Фестиваль жаңалықтарын bastauiff.com сайтынан және біздің bastauiff – Instagram және Facebook парақшамыздан көріңіздер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бастау #Кинофестиваль #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика