Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыда 1 апта ішінде қанша адам "әдемі" нөмір ал...

Алматыда 1 апта ішінде қанша адам "әдемі" нөмір алғысы келген?

Мұны білген жөн 12.01.2026, 11:01 337
Алматыда 1 апта ішінде қанша адам "әдемі" нөмір алғысы келген?
Сурет: Egemen.kz

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Қазақстанда, оның ішінде Алматыда да әркім өз көлігіне қалаған нөмірін таңдай алады. Осы уақыттан бері 19 100 өтініш келіп түскен, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді.

Енді мемлекеттік нөмір автомат түрде ғана берілмей, азаматтар бар нұсқаның ішінен өздеріне ұнаған әріптік-сандық комбинацияны таңдай алады. Серік Шумаевтың айтуынша, бұл жаңа қызмет мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілін түбегейлі өзгертіп, қолайлы жағдай жасап, таңдау құқығын дамыта түсуге бағытталған. 

Түскен қаражат қайда бағытталады?

"Мемлекеттік нөмірлердің бірнеше санаты қарастырылған. Олардың құны 10-нан 280 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін барады. Баға автокөлік иесі таңдаған сандық немесе әріптік комбинацияға байланысты. Мемлекеттік нөмірлерді сатып алудан түскен қаражат қала бюджетіне түседі. Қазір бірдей үш саннан тұратын, басында немесе соңында нөлдері бар нөмірлерге сұраныс өті жоғары", – деп атап өтті Серік Шумаев.

Қазір нөмір таңдау үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берсеңіз болады. Алдағы уақытта бұл қызмет онлайн форматта – электрон үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы да қолжетімді болады. Бұл ХҚКО-ларға түсетін жүктемені азайтып, жұмысты барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік бермек.

Қызмет көрсету рәсімі қандай?

Қызмет көрсету рәсімі қарапайым әрі түсінікті: азамат жүйедегі қолжетімді комбинациялардан керек нөмірді таңдайды, тексеруден өтеді, қызмет ақысын төлеп, өтініш береді сосын. Барлығы бақыланады, ашық өтеді. Әдепсіз әрі жағымсыз мағына беретін нөмірлерді жасауға ғана жол берілмейді.  

"Әріптік және сандық комбинациялар жалпы қабылданған моральдық нормаларға сай болуға тиіс. Біз мұны алдын ала ескертеміз, яғни балағат сөздер немесе біреудің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жазуы бар нөмірлер болмайды. Барлығы әдептен аспауы керек", – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #нөмір #әдемі нөмір #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі