AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы – жаһандық туризмнің орталығында: KITF 2026...

Алматы – жаһандық туризмнің орталығында: KITF 2026 көрмесі басталды

Алматы құшағында 22.04.2026, 17:18 222 yakiya
Алматы – жаһандық туризмнің орталығында: KITF 2026 көрмесі басталды

2026 жылы 22-24 сәуір аралығында Алматыда Орталық Азиядағы туристік индустрияның ең ірі шараларының бірі – 24-ші Қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі (KITF 2026) өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл алаң жыл сайын сала мамандарын, бизнесті және мемлекеттік секторды біріктіріп, туризмді дамытудағы маңызды бағыттарды айқындайды.

Алматы тағы да өңірдің жетекші туристік және іскерлік хабы мәртебесін дәлелдеп отыр. Дәл осы жерде жаһандық трендтер талқыланып, жаңа жобалар іске қосылып, халықаралық серіктестіктер құрылады.

2026 жылы көрме жоғары халықаралық қызығушылықты көрсетті: оған 24 елден 414 компания қатысып отыр. Олардың қатарында Әзірбайжан, Вьетнам, Грузия, Мысыр, Үндістан, Италия, Қытай, БАӘ, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония бар. Қатысушылардың 83%-ы – шетелдік экспоненттер, бұл Алматының әлемдік турбизнес үшін тартымды орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстаннан 68 компания қатысып, ішкі туризм мен өңірлік бағыттардың әлеуетін таныстыруда.

Көрме экспозициясы халықаралық бағыттармен қатар, ішкі туристік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мұнда Алматыдан бастап Жетісу мен Ұлытау облыстарына дейінгі Қазақстанның 16 ұлттық және 9 өңірлік стенді ұсынылған. Бұл елдің туристік әлеуетін жан-жақты ашып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар ауқымыныі кеңеюі де ерекше назар аудартады. Көрмеде алғаш рет Кипр Республикасы, Моңғолия, Шри-Ланка және Абу-Даби әмірлігі ұсынылды, сондай-ақ әуе тасымалдаушылары мен технологиялық брендтермен қоса, жаңа халықаралық компаниялар қатысып жатыр.

Бағдарлама аясында халықаралық сарапшылар мен сала өкілдері қатысатын панельдік пікірталастар, сараптамалық сессиялар және шеберлік дәрістері өтеді. Негізгі назар – жаңа бағыттар, туристердің мінез-құлқы, қауіпсіздік мәселелері және кірме туризмді дамытуға аударылған.

Ашық диалогқа арналған қосымша алаңдар ретінде KITF Podcast Zone және KITF Community Stage ұйымдастырылған – бұл заманауи форматтарда сарапшылар, блогерлер мен медиа өкілдері саланың түйткілді мәселелерін талқылайды.

KITF 2026 көрмесінің өткізілуі Алматының оқиғалық туризм мен халықаралық коммуникация орталығы ретіндегі позициясын күшейтіп, қаланың өңірдегі туристік индустрияны дамытудағы негізгі алаңдардың бірі екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін 17:03

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық: аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді

Бүгін 11:26

БЖЗҚ жеткілікті шекті екі есе өсірді

Бүгін 10:02

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:25

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Кеше 17:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);