конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы туристер үшін тартымды қалаға айналуда

Алматы туристер үшін тартымды қалаға айналуда

Әлеумет 14.01.2025, 09:44 992 Bakyt
Алматы туристер үшін тартымды қалаға айналуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Mastercard мәліметінше, 2024 жылдың 11 айында Алматыда туристердің қанағаттану индексі 67-ге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артқан. Туристер қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасын негізгі оң факторлар ретінде атап өткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы Алматыда туризм саласы мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Шілде мен қараша аралығында көлік торабы мен туристермен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылып, 400 адам білім алды. Бұл шетелдік туристермен байланысты жақсартуға және Алматының халықаралық мәртебесін нығайтуға ықпал етті.

Шілде мен қыркүйек айларында Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясы (WFTGA) ұйымдастырған курстарға 200 гид пен экскурсовод қатысты. Бұл бағдарлама экскурсия қызметтерінің сапасын жақсартуға және Алматының мәдени-тарихи мұрасын кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Қараша айында туризм саласында 420 қызметкер үшін фасилитация тренингтері өткізілді. Оларды Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) халықаралық сарапшылары жүргізді. Бұл тренингтер туристік қызмет көрсету сапасын арттырып, басқарушылық дағдыларды дамытуға ықпал етті.

Қыркүйек пен қазан айларында Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) құтқарушыларына арналған бастапқы дайындық бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл Алматының табиғи мұраларға бай аймақтарында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2024 жылы атқарылған бұл жұмыстар Алматыны шетелдік туристер үшін тартымды етіп, қаланың халықаралық беделін арттырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #Mastercard
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Бүгін 19:11

Өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады: Алматыда 109 байланыс орталығы тәулік бойыжұмыс істейді

Бүгін 19:10

Егер сайлау күні тіркелген жеріңіздеболмасаңыз: есептен шығару куәлігін қалайалуға болады

Бүгін 19:08

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:07

Өнердің сұлтаны: IV халықаралық «Almaty Circus Festival» басталды

Бүгін 17:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);