Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғыны зағип жандарға сауат ашуға арналған...

Алматы тұрғыны зағип жандарға сауат ашуға арналған тренажер жасап шығарды

Әлеумет 27.01.2022, 11:41 2,168
Алматы тұрғыны зағип жандарға сауат ашуға арналған тренажер жасап шығарды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жаңашыл ғалым Ғалымжан Ғабдірешов мұндай құрылғы жасауға өз денсаулығына байланысты жағдай түрткі болғанын айтты.


Алматы тұрғыны зағип жандарға сауат ашуға арналған тренажер – бірегей Брайль оқу құралын жасап шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Вечерний Алматы» басылымына сілтеме жасап.



«Көру қабілетімнен айырылып қалу қаупі төнген кезде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған өнертабыстармен айналыса бастадым. Сосын мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңашылдықтың қаншалықты аз жасалғанын білдім. Менің алғашқы өнертабыстарымның бірі – мүгедектер арбасындағы адамдарға арналған механикалық экзоскелет болды, оның көмегімен олар жүре алады. Сондай-ақ соқырлар үшін маңызды өнертабыстар қатарында белсенді дыбысты ажыратуға арналған технологиялар мен аппараттар бар, соның арқасында соқырларда көру қыртысы қайта белсендіріліп, олар жаңа жолмен көре бастайды», - дейді әзірлеуші.



Оның ойынша, жоба ең алдымен балаларға көмектесуі керек. Ыңғайлы құрылғының арқасында олар оқуды және әлемді өзінше зерттеуді үйрене алады.



«Соқырдың саусақтары – оның көзі дейді. Ал біздің құрылғының міндеті – баланы саусақ ұшымен тактильді түрде, бұдырларды танып қана қоймай, әріпке айналдыруға үйрету. Содан кейін бұл әріптер мағыналы сөздерге, содан кейін сөйлемдерге айналады. Құрылғының дауыстық көмекшісі балаға белсенді түрде көмектеседі, бұл оған өз бетінше және кез келген уақытта жаттығуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның көмегімен балалар оқуды әлдеқайда жылдам үйренеді. Брайльді үйрену процесі өте қиын, балалар үшін бұл бірнеше жылға созылуы мүмкін. Тренажер өндірісін іске қоспас бұрын тифлопедагогтармен бір жылдан астам жұмыс істегеніміз, олардың ұсыныстарын тыңдап алғанымыз маңызды, – дейді Ғалымжан Ғабдірешов.



Өнертабыс Қазақстанда патенттелген және белгілі болғандай, әлемде мұндай құрылғының  аналогы жоқ.



«Әлемдік тифлот тауарларын бақылайтын арнайы мамандардың айтуынша, бар шешімдердің пайдасы шамалы. Мысалы, көптеген жылдар бойы өндірушілер қандай да бір себептермен зағиптарға арналған оқу құралы деп атайтын затты Ресейден тасымалдап алып келеді. Бұл таяқтарды салуға болатын алты тесігі бар кәдімгі тақта. Бірақ, шын мәнінде, бұл оқу құралы емес, өйткені соқыр адамға оқу мен жазуды үйрену үшін мұғалім қажет болады. Демек, біздің аппарат мемлекеттік қорытынды бойынша, алғашқы толыққанды өздігінен оқу құралы болып саналады», - деп атап өтті ғалым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#зағип #құрылғы #оқу #Тренажер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика