Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
17 мамыр күні Ақтау қаласында спорттық самбодан кадеттер және спорт шеберлері арасында Азия және Океания чемпионаты басталды. Төрт күнге ұласатын халықаралық додаға 14 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Алматы қаласы намысын қорғаған Kete Pride клубының палуаны Зиналиев Әбу-Дастан 79 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағып, Азия чемпионы атанды.