AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы тұрғыны құрақ көрпені тігуді қайта жаңғырты...

Алматы тұрғыны құрақ көрпені тігуді қайта жаңғыртып жүр

Алматы құшағында 18.03.2026, 11:31 199 dulatbekova
Алматы тұрғыны құрақ көрпені тігуді қайта жаңғыртып жүр
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақтың ұлттық киімдері қайтадан сәнге айналып барады. Әсіресе Наурыз мерекесі жақындағанда ұлттық киіммен көзге түсетіндерді көп көретін болдық. Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері өз өмірін осы құрақ өнеріне арнаған Айсұлу Қожаеваның шеберханасына барып қайтқан еді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Айсұлу Қожаева — өмірін осы іске арнаған үлкен шебер. Ол тігін тігуді бала кезінен үйреніпті. Жастайынан көрпе тігуге қызығып, әсем дүниелер жасауды армандайды. Бірақ қу тірлік оған кезінде мұрша бермеген екен.

Сүйікті ісіне Айсұлу зейнетке шыққан соң ғана қайта оралған. Құрақ көрпе тігу алғашында жан тыныштығын табатын хобби сияқты болды. Уақыт өте келе осы ісін өзі сияқты қызығатын өзге адамдарға да үйрете бастапты.

Қазір оның туындылары жай ғана қолдан жасалған бұйым емес, қайта жаңғырып жатқан мәдениеттің бір бөлігі болып отыр. Қазақтың ұлттық киімі мен қолөнері қайта өрлеу дәуірін бастан өткеріп, қайта сұранысқа ие болды.

Шебердің айтуынша, оның бұйымдарына сұраныс жоғары екен. Дәстүрлі элементтер мен аксессуарлар қайтадан сән болып, жәрмеңкеде жақсы сатылып жатыр. Сатып алушыларды қазақылық қызықтыра бастаған.

Шапандарын Айсұлу түгел қолмен тігеді. Бір бұйымды жасауға шамамен бір ай уақыт кетеді екен. Ол ою-өрнекті де өзі ойлап табады: алдымен қағазға сызып алып, кейін матаның бетіне түсіріп, тігін машинасымен мұқият өңдейді. Осылайша дәстүрлі нақыштарды авторлық көзқараспен үйлестіреді.

Киімнен бөлек, шебер көрпе, жапқыш пен жастық та тігеді. Бұл жұмысқа одан да көп уақыт кетеді: әр мата қиындысы түсіне қарай таңдалып, қолмен қиылып, біртұтас композицияға біріктіріледі. Осылайша әженің сандығынан шыққандай болып көрінетін ерекше бұйымдар дүниеге келетін көрінеді.

Айсұлу үшін шығармашылық — қуаныш пен ішкі тепе-теңдіктің қайнар көзі. Ұзақ уақыт тікпесе, көңілі түсіп кететінін айтады, әсем дүниелер жасағанда жаны жадырап, құрыс-тұрысы жазылып, бір жасап қалатынын айтады.

Алматыдағы Оқушылар сарайында шебер қыздарға арналған үйірме де ашқан. Онда олар сөмке, қобдиша сияқты шағын бұйымдар мен сәнді нәрселер тігіп үйренеді. Осылайша ұлттық дәстүр ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатыр.

Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық киімге деген қызығушылық ерекше артады. Қолдың бұйымдары эстетикалық құндылық қана емес, ерекше қуат та сыйлайды. Шеберлердің айтуынша, егер бұйымды барыңды салып жасасаң, ол да иесіне міндетті түрде берекет пен пайда алып келеді екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Құрақ көрпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика