Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету...

Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін не істелуде?

Әлеумет 30.11.2021, 10:43 1,013
Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін не істелуде?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мегаполисте су құбыры мен кәріздің инженерлік желілерінің кең ауқымды құрылысымен бір мезгілде ауыз су көздерін кеңейту бойынша бірнеше жоба іске асырылуда.


Алматы әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында атап өткендей, бүгінде Алматының сумен жабдықтау жүйесі Қазақстандағы ең ірі жүйе болып табылады және қаланың және облыстың іргелес аудандарының 2 миллионнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәселен, судың сапасын жақсарту және оның Наурызбай ауданының шағын аудандарына үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету үшін фильтрлі станциясы бар «Қарғалы» су тарту құрылысының реконструкциясы аяқталып қалды.


Қуаттылығы тәулігіне 15 мың текше метр болатын жаңа су дайындау станциясы "Қарағайлы", "Қарғалы", "Құрамыс", "Тастыбұлақ" және "Тау самалы" шағынаудандарының 28 мың тұрғын сумен қамтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті әкімнің орынбасары.


Келесі жылы Ақсай өзенінде Наурызбай ауданының 42 мың тұрғынын қамтитын осындай ғимараттың құрылысы басталады.


Сондай-ақ, Бостандық ауданында "Ерменсай", "Бағаналы", "Нұрлытау", "Нұр Алатау", "Ремизовка" және "Энергетик" шағынаудандарының 22 мың тұрғыны үшін су жинау жобасын әзірлеу аяқталуда.


Бостандық ауданының жоғарғы бөлігінің су құбыры және кәріз желілерін қаланың коммуналдық меншігіне беру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл тұрғындарды сапалы сумен және  олардың үйлерін сумен үзіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп хабарлады әкімнің орынбасары.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қала тұрғындарынан инженерлік желілер құрылысына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.


Әкімнің орынбасары инженерлік желілерді төсеу кезінде құрылысшылар бірегей шешімді талап ететін түрлі қиындықтарға тап болатынын атап өтті. Мәселен, қолданыстағы инженерлік коммуникациялар желілері қаланың төменгі бөлігінде бар болғандықтан, құрылыс барысы қиындап отыр. Кабельдік желілерге немесе ескі сумен жабдықтау немесе кәріз желілеріне зақым келтірмеу үшін құрылысшылар абай болуы керек, өйткені бұл қала тұрғындарының құрылыс мерзімдеріне деген наразылығын тудыруы мүмкін.


Таулы жерлердегі құрылысты инженерлік желілерді орналастыруға арналған жеткілікті дәліздің (тар көшелер) болмауы секілді қиын жағдайлар, тасты топырақтарқиындатады.


Мәселен, диаметрі екі метрлік өлшемге жететін жердегі ірі тастар көп болуы Наурызбай ауданының "Ақжар" шағынауданында су құбыры мен кәріз құрылысының барысын қиындатты. Наурызбай ауданындағы топырақтың үштен бір бөлігі қойтастардан тұратынын атап өту қажет.


Инженерлік-геологиялық жұмыстардың нәтижелері мұнда жатқан 1,9-2,75 м деңгейіндегі құм толтырғышы бар табиғи қоспадағы сазды және қиыршық тасты топырақтар 30%-ға дейін қойтастардан тұратынын көрсетеді. Жұмыс кезінде топырақтан алынған қойтастарды шығару үшін мердігердің ауыр техниканы қолдануына тура келеді. Жергілікті табиғи жағдайлар құрылысшыларды күрделі технологияны қолдана отырып, су және кәріз құбырларын салуға мәжбүр етуде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #су #жүйе #тұрғын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз аман табылды

Бүгін 10:55

Алматыда ата-аналарға арналған педагогикалық консилиум өтті

Бүгін 10:46

Таразда автобуста жолаушы жүргізушіні пышақтаған

Бүгін 10:29

Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Бүгін 10:15

Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін 10:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі