Алматыда «Recycling Бірге!» қозғалысы ұйымдастырған «Recycle Birge» экологиялық акциясы аясында құрамында сынабы бар 480-нен астам шам мен құрылғылар жиналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Олар қауіпсіз түрде әрі қарай қайта өңдеуге жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Биоалуантүрліліктің халықаралық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акция №8 гимназия аумағында өтіп, экология мен қалдықтарды бөлек жинау мәселесіне бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді.
Іс-шара барысында алматылықтар қайта өңделетін қалдықтарды, қайта пайдалануға болатын заттарды тапсырды, сондай-ақ кітаптар мен өсімдіктер алмасуға қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпті қалдықтарды дұрыс жою мәселесіне қоғам назарын аударуға көмектеседі.